Болашақ бағдарламасы бойынша биыл магистратура мен резидентурада оқу үшін 385 стипендия, ал, докторантура бағдарламалары бойынша 60 шәкіртақы бөлінді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жұмыстары басталды. Қазір инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға үлкен басымдық беріледі. Осыған орай техникалық және IT мамандықтарға берілетін грант үлесі 36%-дан 60%-ға дейін ұлғайды.
Сондай-ақ, ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлердің мүмкіндіктерін кеңейту жоспарда бар. Мәселен, оларға IELTS нәтижесін 5 балл деңгейіне дейін төмендету жоспарланып отыр.
«Ауылдық елді мекеннен келген үміткерлер магистр дәрежесін алу үшін конкурстық іріктеуге қатысқанда:
– В1 деңгейінен кем емес нәтижемен ҚАЗТЕСТ сертификаты;
– Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен шет тілі бойынша сертификаты;
– Дипломның орташа балы 4.00-ден (4.33) – кемінде GPA 2.67- болуы тиіс;
-Бакалавр/маман дипломы таңдаған мамандығына сәйкес келуі тиіс;
– Соңғы 3 жылда ауылдық елді мекенде тұруы және соңғы 2 жылда еңбек қызметін ауылдық елді мекенде жүзеге асыруы қажет»-, деп мәлімдеді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары- Айгүл Таскужина.
Болашақ бағдарламасымен шетелде оқып келгендердің мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуларына 99 % кепілдік бар. Сондай-ақ бұл тиісті деңгейде стипендия қаражатын өтеу үшін тапсырмас мүмкіндік»-, дейді спикер.
Камила Әбделманова
Фото: Рамиль Дусумов