spot_img
Дүйсенбі, Қазан 20, 2025
7.2 C
Kokshetau

Көкшетауда жалған шот-фактураларды берген топ 5 жылға бас бостандығынан айрылды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті жалған шот-фактураларды берумен айналысқан ұйымдасқан топ құру және оны басқару фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтады.

Ұйымдасқан қылмыстық топ Көкшетау қаласында 2016 жылдың ақпан айынан 2019 жылдың шілде айына дейінгі аралықта өз қызметін жүзеге асырған кезеңде мүліктік пайда алу мақсатында контрагент кәсіпорындарға тауарларды жеткізбей, жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, бірнеше рет жалған шот-фактуралар берген.

Кейін заңсыз жолмен алынған қаражат ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері арасында таратылған. Салық төлеуден жалтару арқылы «Фирма Строинвест Астана» ЖШС, «Алад-Көкше» ЖШС мемлекетке жалпы сомасы 184 миллион теңгеден астам шығын келтірген.

Сот үкімімен кінәлілер жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу арқылы қылмыстық жолмен табылған сомадағы қаражаты тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

@afm_rk

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

IT секторының өсуі және стартаптарды қолдау

Отандық компаниялар ұсынған IT-қызметтердің көлемі 2021 жылы 646 млрд теңгеден 2024 жылы 1,74 трлн теңгеге дейін өсті. IT қызметтерінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика