spot_img
Бейсенбі, Сәуір 2, 2026
11.2 C
Kokshetau

Биыл «Болашақ-2022» бағдарламасы бойынша 445 шәкіртақы тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Болашақ бағдарламасы бойынша биыл магистратура мен резидентурада оқу үшін 385 стипендия, ал, докторантура бағдарламалары бойынша 60 шәкіртақы  бөлінді.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Болашақ» бағдарламасын қайта бағдарлау жұмыстары басталды. Қазір инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға үлкен басымдық беріледі. Осыған орай техникалық және IT мамандықтарға берілетін грант  үлесі 36%-дан 60%-ға дейін ұлғайды.

Сондай-ақ,  ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлердің  мүмкіндіктерін кеңейту жоспарда бар. Мәселен, оларға  IELTS нәтижесін 5 балл деңгейіне дейін төмендету жоспарланып отыр.

«Ауылдық елді мекеннен келген үміткерлер магистр дәрежесін алу үшін конкурстық іріктеуге қатысқанда:

– В1 деңгейінен кем емес нәтижемен ҚАЗТЕСТ сертификаты;

– Белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін нәтижемен шет тілі бойынша сертификаты;

– Дипломның орташа балы 4.00-ден (4.33) – кемінде GPA 2.67- болуы тиіс;

-Бакалавр/маман дипломы  таңдаған мамандығына сәйкес келуі тиіс;

– Соңғы 3 жылда ауылдық елді мекенде тұруы және соңғы 2 жылда еңбек қызметін ауылдық елді мекенде жүзеге асыруы қажет»-, деп мәлімдеді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары- Айгүл Таскужина.

Болашақ бағдарламасымен шетелде оқып келгендердің мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуларына 99 % кепілдік бар. Сондай-ақ  бұл тиісті деңгейде стипендия қаражатын өтеу үшін тапсырмас мүмкіндік»-,  дейді спикер.

 

Камила Әбделманова

Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ – ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі алты жыл бойы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында қаза тапқан және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық әскери қызметшілердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика