spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында заманауи суару жүйесі қарқынды дамуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Тиімді суару жүйесі ауылшаруашылық өндірісін тұрақты әрі сенімді бизнеске айналдыруға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Республикасы аумағының 69% – ы шөл және шөлейтті жерлерге  жатады. Сондықтан, әрине, суару жүйесін іске қосу аса маңызды. Су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесі өткір тақырыптардың бірі. Айталық,  Ақмола облысында ылғал үнемдеу технологияларының арқасында дәнді және майлы дақылдарды суарусыз өсіруге болады. Ауыл шаруашылығының қазіргі даму қарқынымен мол өнім алу мүмкіндігі жоғары», – деді биология ғылымдарының докторы, профессор-Әбілжан Құсайынов.

Ақмола облысында суару жүйелерін 224 ауыл шаруашылығы кәсіпорны қолданады. 2017 жылы Ақмола облысында суармалы жерлердің ауданы 3 200 гектарды құрады. 2019 жылы бұл көрсеткіш 24 100 гектарға дейін жетсе. 2020 жылы суару 28 500 гектар алқапта жүзеге асырылды. 2021 жылы суармалы жер көлемін 5 900 гектарға, ал 2022 жылы 7 300 гектарға ұлғайтылды.

«Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру мақсатында Ақмола облысында суармалы жерлерді ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Барлық аудандарда жер телімдері суарылады. 5 мың гектар алқапта картоп және 300 гектар алқапта көкөніс, сондай-ақ қалған 22 мың гектар алқапта өзге де дақылдар суарылады. Бұл учаскелерді суару кезінде жоғары өнім алынады. Барлық аудандарда егістіктер негізінен тамшылатып және жаңбырлатып суару арқылы өсіріледі», – деп бөлісті облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы- Медет Досжанов

Мысалға,  Целиноград ауданында суаруға 1 170 гектар жер бөлінген. 1 106 гектарда суару жаңбырлату әдісімен, қалған бөлігінде арық және тамшылау әдісімен жүргізіледі. Тағы бір мысал – Ерейментау ауданы. Мұнда басқа аймақтармен салыстырғанда суармалы алқаптар аз, бірақ жаңа технологиялар қолданылады.

«Ерейментау ауданында 786 гектар суармалы жер бар. Оның 170 гектары – көкөніс дақылдары. Суару тамшылау технологиясымен жүзеге асырылады. Ауданда жемшөп дақылдарын өсіру бойынша жаңа технологияларды қолданатын шаруашылық бар. Олар «Жаңа береке» ЖШС, «Хамзе» ШҚ, «Жалғасагро»ШҚ. Ұсақ дисперсті дөңгелек жаңбырлату әдісі қолданылады», – деп жауап берді, Ерейментау ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі.

Өңірде суармалы егіншілікті дамытудағы маңызды сәт – Есіл өзеніне контрреттегіш салу. Жобаның құны-700 миллион теңгеден асады. Ол суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға және өңірдің су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

«Біз су ресурстарын ұтымды пайдалану туралы айтып отырмыз. Ол үшін суарудың заманауи технологияларын енгізу қажет. Қазір бүкіл әлемге танылған тамшылатып суару кеңінен енгізілуде. Сондықтан ылғалды үнемдеп жұмсау және үлкен табыс алу үшін бізде заманауи жабдық болуы қажет», – деп атап өтті биология ғылымдарының докторы, профессор-Әбілжан Құсайынов.

«Соңғы жылдары суармалы алқаптарды дөңгелетіп суару кеңінен жүзеге асырылуда. Алайда, мұнда шетелдік жабдықтар қолданылады. Бұл үлкен ресурстарды қажет етеді»-дейді сала мамандары.

 

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img