spot_img
Дүйсенбі, Қазан 20, 2025
7.2 C
Kokshetau

Шымкенттік кәсіпкерлер мемлекеттен берілетін қайтарымсыз гранттарды құдалық жасау мен несиелерін өтеуге жұмсаған

Сондай-ақ...оқыңыз

Шымкенттік кәсіпкерлер мемлекеттен кәсіпке қолдау ретінде берілетін қайтарымсыз грант 1 миллион 225 мың теңгедей қаржыны той, қыз ұзату, құдалық және жеке несиелерін өтеуге жұмсаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шымкент қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, 2021 жылы 23 шымкенттіктен мемлекеттік грант осылайша тәркіленген. Қайтарымсыз гранттарды өз мұқтаждарына жұмсаған, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер жауапқа тартылып, қаражат қайта қазынаға қайтарылған.



«Қарыздарды жабуға, несие төлеуге, той өткізуге, келін түсіруге ақша ала алмайсыз. Барлығының сұрауы бар. Ал сома өте үлкен – 1 225 000 теңгені құрайды. Енді бізде ереже бар, тоқсан сайын есеп сұраймыз. Қандай да бір заңбұзушылық орын алған жағдайда біз жауапқа тартамыз. Сондықтан барлығын осы мәселеге мұқият қарауға шақырамыз», – деді Балмаржан Нарбекова.

Сондай-ақ ведомство мемлекеттік гранттардың тек кәсіпкерлікті дамыту үшін берілетінін еске салды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

IT секторының өсуі және стартаптарды қолдау

Отандық компаниялар ұсынған IT-қызметтердің көлемі 2021 жылы 646 млрд теңгеден 2024 жылы 1,74 трлн теңгеге дейін өсті. IT қызметтерінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика