Эпидахуал бойынша Ақмола облысы жасыл аймақта. Бірақ, бұл қауіп жоқ деген сөз емес. Тәж ауруын жұқтырушылар күн санап көбеюде. Айталық , 2022 жылдың қорытындылары бойынша 20823 жағдай тіркелсе, тамыз айының алғашқы үш күнінде-ақ 289 адам індет жұқтырып үлгерген. COVID-19 ауруының өршуі осы жылдың 15 маусымнан бастап байқалады,. Өткен аптада 21 шілдеден 27 шілдеге дейін 532 жағдай, ал 28 шілдеден 03 тамызға дейін – 752 жағдай тіркелді.
Індеттің осынау қарқынмен өсуінің себебі, уақытылы екпе мен ревакцинация қабылмау, деп түсіндірді облыстың бас санитар дәрігері. Мәселен, тамыз айында жұқтырған 289 адамның 180-і вакцинацияланбаған, 75 адам уақтылы ревакцинация алмаған.
«22.11.2021 ж. бастап 162130 адам вируска қарсы екпе қабылдады. Қайталама ревакцинацияны барлығы 30133 адамды қамтыды, бұл тиісті контингенттің 100% – ын құрайды»-, деп толықтырды сөзін Айнагүл Мусина.
Сондай-ақ, спикер өңірдегі су сапасының нашарлығын да тілге тиек етті. Халыққа тек тазартылған ауызсуды ішуге кеңес берді. Себебі, қаладағы су жүйесінің халі көпшілікке аян, шүмектен аққан суды тағамдық мақсатта пайдалану түрлі ауру-сырқаулардың себепшісі болуы мүмкін. Санитар дәрігерлер жүйелі түрде ауызсу сапасын қадағалап отырады.
Кенелерден сақ болуды да естен шығармаған абзал. Табиғат аясына шыққан кезде арнайы қорғаныш дәрілерін жағып шығуға және үйге келген бетте міндетті түрде үстіңізді тексеруіңіз керек. Әсіресе тамыз айында кенелер өте белсенді. Теріге еңген жағдайда дәрігерлер көмегіне жүгіну керек»-, деп толықтырды спикер.
Камила Әбделманова
Фото: Рамиль Дусумов