spot_img
Бейсенбі, Сәуір 2, 2026
2 C
Kokshetau

Петропавлда әлеуметтік желіде аңдамай сөйлеген ерлі-зайыпты бес жылға сотталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Петропавл қалалық соты интернет арқылы экстремистік мәлімдеме таратты деп айыпталған ерлі-зайыптыға үкім шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Liter.kz басылымына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 180-бабы 2-бөлігі «Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, не қоғамдық бірлестік лидері жасаған, не бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған, не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер» бойынша қаралған.

Сот мәліметінше, ерлі-зайыпты Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық тұтастығы туралы пікірталасқа белсене қатысқан.

«2022 жылғы 11 желтоқсанда ерлі-зайыпты телекоммуникация құралдарын пайдаланып, «Чат Рулетка» қосымшасында мәлімдемесі Қазақстан Республикасының біртұтастығын бұзуды насихаттайтынын түсіне тұра, Солтүстік Қазақстан облысының Ресей Федерациясына қосылуын жақтамайтын басқа тұлғаға ашық түрде Қазақстан Республикасының біртұтастығын сақтау тұрғысынан саяси және әлеуметтік тәуекелдерге әкеп соғатын қоғамдық қауіпті мәлімдемелер жасаған», – делінген сот мәлімдемесінде.

Сотталушылар кінәсін жоққа шығарғанымен, сот оны толықтай дәлелденген деп тапты. Сот ерлі-зайыптыға бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Олар жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Дрондар бақылауда: Ақмола облысында экология мен тасқын жағдайы әуеден қадағаланып отыр

 Ақмола облысында цифрлық технологияларды енгізу қарқынды жалғасуда. Бүгінде «Бірыңғай дрон инфрақұрылымы» жобасы аясында өңірде 22 стационарлық дрон және 1...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика