spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 17, 2025
-15.3 C
Kokshetau

Күзде нан арзандайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ет пен жұмыртқа бағасы да бұрынғыдай шарықтамайды. «Қазақстан астық одағының» төрағасы Нұрлан Оспановтың пайымы осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның айтуынша, бидай арзандап келеді. Қыркүйекте тағы да төмендеуі мүмкін. Болжам бойынша биыл диқандар 16 млн тонна астық орады. Оның 5 миллион тоннасы өзімізге жетеді. 9 миллион тоннаны экспорттауға болады. Бірақ биыл ірегедегі Ресейде астық мол. Көрші ел Еуропаға бидай сата алмайды. Сондықтан Қазақстанға бәсекелес болуы мүмкін. Тіпті өз бидайын арзан ұсынып, біздің шаруаларды шығынға батыруы да әбден мүмкін. Сондықтан астық одағы үкіметтен ішкі нарықты 125 теңгеден төмендетпейтіндей шаралар қабылдауды ұсынып
отыр.

Нұрлан Оспанов, Қазақстанның  Астық одағының төрағасы:
– Егер үшінші сұраптағы 1 келі бидай 120-130дан болса, нан да сол шамада болуы керек. Бидайдың құны төмендеген сайын одан 1 жасалатын өнімдер де арзандайды. Оның ішінде жем, жарма бар. Сәйкесінше ет, тауық еті, жұмыртқа арзандауы тиіс. Тек жанармай, электр энергиясы тағы басқа шығындар көбейіп кетпесе болғаны.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: ҚР Үкіметінің қорытынды баспасөз конференцияларының сериясы басталды

2025 жылғы Үкімет қызметін қорытындылау аясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Astana Hub алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп, энергетика...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика