«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, табиғи монополия субъектісі жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей, уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді, өзге мемлекеттік органға не мемлекеттік органға ұсынуға міндетті»- , деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті.
Табиғи монополия субъектісі сонымен қатар бекітілген тарифтік сметаны орындауға, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындауға міндетті.
Алайда, жоғарыда көрсетілген талаптарды бұза отырып, ШЖҚ «Көкшетау Су Арнасы» МКК 2021 жылға арналған тарифтік сметада қарастырылған шығындардың белгілі бір баптарын, бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындамады.
Осыған байланысты, ШЖҚ «Көкшетау Су Арнасы» МКК-на қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша айыппұл салу арқылы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Субъект қысқартылған тәртіпте 7 351 200 теңге мөлшерінде айыппұл төледі.