spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Енді Ақмола облысында ет өніміне құжат беріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ет- әлеуметтік маңызы жоғары тауарадың бірі және бірегейі. Оның тағамдық құндылығы, барлық қажетті майлар мен аминқышқылдардың құрамында болуы. Әр түрлі жануарлардың етіндегі ақуыз мөлшері 14-тен 24%-ға дейін болады. Ет темір, фосфор, А, В1,, В6, В12 сынды дәрумендерге бай.
Сондай-ақ, ет жұқпалы аурулардың зооноздарының, бірқатар гельминтоздардың таралу факторына айналуы да ғажап емес. Олардың құрамындағы қоздырғыштары тұтыну барысында адам организміне түсуі мүмкін. Сондықтан, өз қауіпсіздік үшін, ет өнімдерін белгіленбеген орындарда сатып алу ұсынылмайды.

Ет өнімдері және сойылатын жануарлардың қосымша өнімдерінің қауіпсіздігі кеден одағының 034/2013 «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», КО ТР 021/2011 «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сәйкес тексеруден өтеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2022 жылдың 1 жартыжылдығына арналған жоспар-кестесіне сәйкес Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өнім қауіпсіздігінің мониторингі бойынша ет өнімдерінің 186 үлгісін іріктеп алды, оның ішінде 23 сынама (12,4%) КО ТР талаптарына сәйкес келмеген, оның ішінде: микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмегені – 8 сынама (4,3%); өнімді таңбалау бойынша – 8 сынама (4,3%) (сақтау шарттары, өндірілген күні, жарамдылық мерзімі, мемлекеттік тіл және өнім айналымының бірыңғай белгісі туралы ақпараттың болмауы); физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша – 4 сынама (2,2%); өзге көрсеткіштер бойынша (тұтынушыны алдау) – 3 сынама (1,6%).

Барлық сатылатын ет өнімдерінде оның шыққан жерін, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын ілеспе құжаттар (жүкқұжат, сәйкестік декларациясы, ветеринариялық анықтама немесе ветеринариялық куәлік) болуы тиіс. Қажет болған жағдайда, сатып алушы өнімге қажетті барлық құжаттарды сұрауға толық құқылы.
Дүкен немесе базардың сөлеріне жеткізілмес бұрын, сапа мен қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкес кесілген ет ветеринариялық-санитариялық бақылаудан өтеді. Сатуға арналған ұшалар міндетті түрде таңбаланады, қолға ветеринариялық анықтамалар, куәліктер беріледі.
Ет тағамдарын дайындау кезінде Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бірқатар ережелерді сақтауды ұсынады:
– бүліну белгілері бар ет (тайғақ беті, жағымсыз, тән емес иіс) одан әрі аспаздық өңдеуге және тамаққа пайдалануға жарамсыз;
– ерітілген етті екінші рет қатыруға жол бермеу;
– сақтау кезінде тауар көршілестігі шарттарын сақтау қажет (тоңазытқыштың бір сөресінде шикі етті және тұтынуға дайын өнімдерді сақтамау);
– етті мұқият қайнату және қуыру керек: ет тағамдарының дайындығы түйреп алған орнында түссіз шырынның шығуы және өнімнің туралған жерінде сұр түспен анықталады;
– тамақ дайындау процесінде жеке гигиена ережелерін сақтау.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img