spot_img
Жұма, Сәуір 3, 2026
8 C
Kokshetau

Ақмола облысында 11 жаңа ауылдық әкім сайланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Айталық, Зеренді ауданы бойынша әкімдерді сайлау үш ауылдық аймақта өтті. Айдабұл ауылының №551 сайлау учаскесінде жергілікті әкімнің сайлауы алғаш рет өткен. Ауыл әкімі лауазымына 3 адам өз кандидатураларын ұсынған көрінеді.

-«Бізге биылғы жылы әкімдікке кандидаттарды таңдауға мүмкіндік берілді. Біз жаңа әкімге үлкен үміт артамыз, ауылымыздың тіршілігін жандандырады деп сенеміз. Менің ойымша, ауыл әкімінің алдында шешілуі тиіс көптеген міндеттер тұр. Ауылдарда көптеген мәселелер бар»
-«Ауыл әкімін сайлау өте маңызды, өйткені халық болып кімді таңдайтынымызды білеміз. Олардың қызметі, қабілеттерін таңдау жасау барысында ескереміз. Бұл елдің және ауылдың саяси өміріндегі маңызды сәт. Жұмысқа орналасу мәселелерін шешіп, жол құрылысын реттейді деп сенеміз»-, дейді жаңа әкімге үміт артқан Айдабұл ауылының тұрғындары.
Сайлау учаскесінде дауыс беруші ауыл тұрғындары белсенділік танытты. Барлығы 700-ден астам ауыл тұрғыны дауыс берген.

Ауылдардағы әкімдерді сайлау сәтті өтті. Айта кету керек, кандидаттар арасында өзін – өзі ұсынушы 30 үміткер. Әкімдікке кандидаттардың орташа жасы – 42 жас. Ең жас сайланушы 25 жастан кіші болмауы тиіс. Бір ерекшелігі биылғы сайлауға 13 әйел азаматы іріктеуге қатысқан, бұл кандидаттардың жалпы санының 35 пайызын құрайды.

Фото: Gov.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Теңіздегі тегеурін: бүгін – Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің құрылған күні

2 сәуір – еліміздің әскери теңізшілері үшін ерекше күн. 1993 жылдың дәл осы күні Президент Жарлығымен Қазақстанның Әскери-теңіз күштері...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика