spot_img
Бейсенбі, Сәуір 17, 2025
5.8 C
Kokshetau

Ғарыш туризміне арналған капсула таныстырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Space Perspective компаниясы «Нептун» ғарыш кемесі капсуласының дизайнын ұсынды, – деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі TravelPulse.com сайтына сілтеме жасап.
«Нептун» ғарыш кемесінің капсуласы – панорамалық терезелері бар тамшы тәрізді сфера. Оның ішінде 360 градусқа айналып қарауға болады.


Терезелер мен орталық бөлігінде шағылысатын жабын бар. Бұл жылуды шектеуге және салонда салқын болуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, арнайы жылуды реттеу жүйесі орнатылған.
Конус шашырамайды және суға қауіпсіз қонады. Капсуладан ешқандай элементтер ажыратылмайды, бұл қауіпсіздікті арттырады.
Капсуланың іші қандай болатыны сәуірде белгілі болды. «Нептун» ғарыш кемесінің интерьері экологиялық таза материалдардан заманауи әрлеуді қолдана отырып жасалған. Капсуланың іші ғарыш кемесіне қарағанда қазіргі заманғы қонақ бөлмесіне ұқсас. Жиналмалы орындықтар орнатылған, Wi-Fi, дәретхана бар. Салонда сіз еркін жүріп, суретке түсе аласыз.
«Нептун» кемесі саяхатшыларды алты сағаттық экскурсия аясында жер орбитасына және кері жеткізеді деп болжанады. Коммерциялық рейстер 2024 жылдың соңында басталады, бірақ бірінші жылғы рейстер толығымен брондалған. Енді Space Perspective 2025 жылға және одан әрі тапсырысты қабылдайды. Билет 125 мың доллар (59 576 000 теңге) тұрады.

Фото©travelpulse.com

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адал еңбегімен ел алғысын алған азамат

Манбетали Муслимов 1950 жылы Дөңілағаш ауылында өмірге келді. 1967 жылы Көкшетау қаласының облыстық мектеп-интернатынан орта білім алып, 1968-1969 жылдары...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика