spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ақмола облысында шағын қалалардың инфроқұрылымы дамуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 1 моноқала – Степногорск және 8 шағын қала -Ақкөл, Атбасар, Ерейментау, Есіл, Державинск, Макинск, Степняк және Щучинск бар. Бүгінгі күнге дейін бұл елді мекендерде жылу мен суға қатысты олқылықтар болғаны белгілі. Қазіргі таңда облыс әкімдігі тарапынан шағын қалашықтардың мәселелерін шешуге бағытталған 15 жобаны іске асырылуда.

Бірқатар өңірлерде жылу және сумен жабдықтау, су бұру қызметтеріне көңіл бөлінген. Қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мәселесі де басты назарда тұр.
Айталық, Степногорск қаласында жылу желілерінің 82,6% тозған. «Степногорск теплотранзит» ЖШС желілерінің жеке меншік кәсіпкерлік ұйым болуына байланысты облыс бюджетінен ақшалай қаражат бөлу қиын. Дегенмен, бұл мәселенің шешу жолдары жан-жақты қарастырылуда.
Айта кету керек, Есіл қаласында былтырғы жылы қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осылайша, орталық қазандықтың жылу желілеріндегі жүктеменің төмендеуі және гидравликалық қысымның қалпына келуі үйлердің проблемалық учаскелеріндегі температуралық режимнің тұрақтануына әкелді.
Ал, Ерейментау қаласында баламалы электр көздерін пайдалану мақсатында жел электр станцияларын құрып жатыр.

– «Ereimentau Wind Power» ЖШС компаниясымен құны 27,0 млрд.теңге болатын 50 МВт жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде. Жоба тұжырымдамасында қуаттылығы 3,5 МВт болатын 15 жел турбинасының құрылысы қарастырылған, пайдалануға беру 2022 жылға жоспарланып отыр, – деп хабарлайды, Ақмола облысының энергетика және ТҮКШ басқармасының жетекшісі Данияр Қуанышбаев.
Сонымен қатар, биыл «Атбасар қаласының Степной кентіндегі сорғы станциясы мен таза су резервуарларын қайта жаңарту» жобасы іске асырылуда, жалпы құны – 284 млн.теңге. 2021 жылы аталмыш жобаға облыстық бюджет қаражатынан 71 млн.теңге, ал, 2022 жылы – 10 млн. теңге бөлінді.
Облыстың сала мамандары айтып кеткендей, инфрақұрылымды жұмыстарды дамыту бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Жобаларды толығымен іске асыру алдағы уақытта жоспарлануда.

 

Фото: pixabay
Камила Әбделманова
Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img