spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Ақмола облысында халық өтініштері құзырлы органдардың назарында

Сондай-ақ...оқыңыз

Бір жылдан астам уақыт бойы цифрлық құрал ретінде республика бойынша бірыңғай «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі енгізілді. Ол арқылы азаматтар өтініштері мен шағымдарын тиісті органдарға жолдай алады. 2021 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі күшіне енді, ол жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс істеу тәртібін, мемлекеттік органдар басшылығының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру жұмыстарын реттейді.
Ал, 2022 жылдың І жартыжылдығында Ақмола облысы әкімінің аппаратына, облыс басқармасына және өңір әкімдіктеріне 29031 өтініш түскен. Бұл өткен 2021 жылдың кезеңімен салыстырғанда 22% – ға артық.
Жалпы, облыс бойынша «Qlik Sense» талдау жүйесі арқылы азаматтардың өтініштеріне жүргізілген мониторингке сәйкес көрсетілген кезеңде «е-Өтініш» ақпараттық жүйесінде 33506 өтініш тіркелген. Оның ішінде ең көп  өтініштер Көкшетау қаласы бойынша 18230 өтініш түскен.
Нәтижесі соңғы үш жыл ішінде ауыл шаруашылығы, жер және жерді пайдалану мәселелері бойынша өтініштердің үлесі айтарлықтай жоғары екенін көрсетті:

«Аталған өтініштердің басым бөлігін жер және жерді пайдалану мәселелері құрайды – барлығы 7148 өтініш түсті, оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша 2019, Целиноград ауданы бойынша 1346, Бурабай ауданы бойынша 918, Аршалы ауданы бойынша 509, Зеренді ауданы бойынша 352 өтініш», – деп атап өтті Ақмола облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің басшысы, Ләззат Сантас.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің әкімшілік органдарының мәлімдеуінше, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтінішке15 жұмыс күн ішінде жауап беруге міндетті. Шағымды қарау мерзімі енді мемлекеттік органның қарау мерзімін ұзарту мүмкіндігінсіз, ол келіп түскен күннен бастап 20 жұмыс күнін құрайтын болады.
Сондай-ақ, облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айнагүл Жанәділова 2022 жылдың І жартыжылдығында облыс әкімінің немесе орынбасарларының жеке қабылдауларында 279 азамат қабылданып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да мәселелер қозғалғанын хабарлады.
Облыс әкімі жеке қабылдау барысында 9 өтініш бойынша мәселенің шешімін тапты. ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес 26 мәселе бойынша ауызша түсініктемелер беріліп, 102 өтінішке жазбаша түсініктеме толтырылды.
Айта кетейік, биыл мемлекеттік органдардың бірінші басшылары бес мыңнан астам азаматты қабылдады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2 есеге көп.

Камила Әбделманова

фото автордікі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img