spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Мектепке жол» акциясы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды қолдау мақсатында биыл еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында қайырымдылық жұмыстарын бастайды.

Акцияның мақсаты жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау, әлеуметтік себептер бойынша баланың мектепке келмеуінің алдын алу, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету және қолдау.

«Жаңа оқу жылында 546 мектепте 130 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттайды, олардың 15 мыңнан астамы жалпы оқыту аясында қолдау алады. Ал бірінші сыныптардың барлық оқушылары үшін тегін тамақтандыру ұйымдастырылып жатыр. Заңнамада қаржылық көмек көрсету көлемі бекітілгенін атап өткен жөн. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына материалдық көмек көрсету үшін жергілікті атқарушы органдар мектеп бюджетінің кемінде 2% мөлшерінде қаражат бөледі. », – деді білім басқармасы басшысының орынбасары, Валерий Гамазов.

«Мектепке жол» акциясы балаларды оқыту кезінде оларды әлеуметтік тұрғыда қолдау арқылы білім сапасының жақсаруына да мүмкіндік береді. Айта кетерлік жайт, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға көмек көрсету жолында республиканың әрбір азаматы белсенділік таныта алады.

Камила Әбделманова
Фото: Рамиль Дусумов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img