Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ауылдық кәсіпкерлерді қолдау мақтасында қысқа мерзімді несие беруде. Бұл үрдіс 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бойынша бекітілген кешенді жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр.
2017 жылы бастау алған мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы халықты жұмыспен қамтып, кәсңп ашуларына бірталай мүмкіндіктер сыйлаған болатын. Айталық, 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін жалпы сомасы 13,3 млрд.теңгеге 3 431 кредит және микрокредит берілді, оның ішінде бастапқы бизнесті қолдауға 7,3 млрд. теңге көлемінде 2137 микрокредит берілді. Бұл ретте қосымша 3,9 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Несиелер «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кредиттік ұйымдары арқылы жылдық 6%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, 5 жылға дейінгі мерзімге және мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін 7 жылға дейін, ең жоғары сомасы 8 мың АЕК-ке дейін берілді. Сондай-ақ, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға жылдық 4%-бен 729,6 млн.теңге көлемінде 208 қарыз берілді.
Несие қаражаты ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға, егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыруға, ауыл шаруашылығы техникасын немесе жабдықтарын сатып алуға, сондай-ақ, ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік қызметті дамытуға берілді. Кешенді жоспарды одан әрі іске асыру шеңберінде биыл ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда шағын кредит берудің жаңа бағдарламасы іске асырылады. Бұл мақсатқа Ақмола облысына республикалық бюджеттен 2,6 млрд. теңге бөлінді. Бөлінген қаражат аясында 511 шағын несие беру жоспарлануда. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы министрлігі белгіленген тәртіппен нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау рәсімдерін жүргізуде. Тамыз айының соңында ауылда микрокредит беруді бастау жоспарланып отыр, несие беру «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ арқылы жүзеге асырылады.