spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Балалар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында демалады

Сондай-ақ...оқыңыз

Жоспардағы өзгерістер жазғы демалысқа әсер етпейді. Яғни балалар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында демалады. Бұл туралы Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов айтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мамандар оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту және оқу жылын 20 тамыздан бастау мәселесін қарауды сұраған болатын. Сарапшылардың айтуынша Қазақстан әлемдегі ең ұзақ каникул – 130 күн болатын елдердің қатарына кіреді. Ал басқа да елдерде каникул мерзімі 80-нен 100 күнге дейін. Сонымен қатар 5 күндік оқу аптасына көшкен кезде оқу күндерінің саны бірден 34 күнге азайды. Осылайша, орташа санай келе, еліміздегі оқу күндерінің жалпы саны шамамен 150 күн болса, дамыған елдерде бұл шамамен 200 күн.

– Сондай-ақ мамандар қосымша оқу апталарының қосылуы күнделікті сабақтың санын, яғни мұғалімнің де, оқушының да күнделікті оқу жүктемесін азайтатынын атап өтті. Алты күндік көптеген мектеп жаңа талапқа сай бес күндік оқу аптасына ауыса алады. Бұл педагогтер жұмысының тиімділігін арттырып,  оқушылардың материалды меңгеруіне ықпал етеді. Бұл шешімдер күрделі тақырыптарды оқудың қарқынын төмендетеді, оқылған материалды қайталауға және бекітуге уақыт береді, – деді ведомство басшысы.

Оқу жылының басталу мерзімі өзгермейді, ол бұрынғыдай 1 қыркүйекке қалып отыр, ал оқу жылының аяқталу мерзімін 31 мамырға белгіленді. Осылайша, каникулға шығудың айырмашылығы тек 5 күн болады. Ал жаз басталғанда, яғни 1 маусымнан бастап балалар демалысқа шыға алады. Осылайша, жаз бойы, яғни 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында балалар каникулда болады.

Бұл орайда сапа тек оқу күндері арқылы ғана емес, жалпы оқу жүктемесін азайту, оқу бағдарламаларын жетілдіру, мамандардың біліктілігін арттыру және т.б. жолдары арқылы жақсарады.

– Сондай-ақ, жаңа оқу жылынан бастап мектептерде апталық оқу жүктемесі азаяды деп жоспарланып отыр. Одан бөлек, оқу жылының ұзақтығын созу оқушыларға қосымша білімге көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді, өйткені сабақ аз болады, мектептердің кабинет қорына түсетін жүктеме де азаяды, – деп қосты Бейбіт Айтымұлы.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img