spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
11.2 C
Kokshetau

Әдебиеттік дипломатия жолын жаңғыртты

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  қырғыз еліне сапары барысында ( 21шілде 2022 жыл)  жазушы Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды.  Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба   қалдырды.

———————————————————————————————-

Қырғыздың атақты жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Мен сапарға шыққанымда өзіммен бірге алып жүретін екі киелі дүнием бар. Біреуі-Манас, енді бірі-Мұхтар Әуезов!» деп айтқаны бар еді. Және де осы бауырлас екі елдің әргі-бергі тарихында, адами қарым-қатынастарында ерекше бір баурмалдылық пен туысқандық орныққаны ежелден белгілі.

Ұлттар әдебиеті советтік идеологияның қатаң таңдауына да, талауына да түскен кезде «Манас» жырын қорғап та қалған, бұл жырдың иесі қырғыз халқы екендігін де дәлелдеп, аман алып қалған Мұхтар Әуезов болатын!

Сосынғы бір жай қырғыздың  әлі аты да шыға қоймаған жас жазушысы Шыңғыс Айтматовтың шағын ғана «Жәмила» повесі сол кездегі ең үлкен сыйлық Лениндік сыйлыққа ұсынылып, талқыға түскен кезінде осы комиссияның бір мүшесі Мұхтар Әуезов повестің аса талантты шығарма екендігін, оның авторы әлі әлемді аузына қарататын үлкен қаламгер болатындығын да айтып, өзгелердің соған көздерін жеткізіп, Шыңғыс Айтматовтың лениндік сыйлық иесі болуына да ықпал еткен болатын.

Біздің кемел ұстазымыз, академик Зейнолла Қабдолов «Менің Әуезовім!» деген тамаш бір дүние жазған еді. Сүйсініп оқығанбыз. Қазіргі жастарымыз да осы шығарманы оқығандары абзал болар еді!

Осы бір екі ел-қазақ пен қырғыздың арасындағы бауырластық пен достық, тіпті ағайындық қарым-қатынас ұлы жазушылар Әуезов пен Айтматов барда әлдеқайда және барынша шынайы әрі ыстықтау болатын еді. «Алматыға Шықаң (Айтматов) келе жатыр» деп қазақ ақын-жазушылары масайрап күтіп алатын. «Шықаңа барамыз» деп қырғыз еліне қарай көш түзейтін қазақ қаламгерлері мен өнерпаздары мәз болатын. Соның өзі  барша қазақ пен қырғыздың жүректерін жылытып жатпаушы ма еді?!

Заманына қарай, шекера сызығы түсіп, екі елдің кей жағдайда бірімен бірі қатысуында шектеулер де болып қалды. Кейде су мәселесі де екі ел қатынасының жылғасынан мәселе болып жылғалап қалатын да болып жүр.

Енді бүгін біраздан бері ара қатынастың салқындау тұсына жылу түсті. Шолпан-Атадағы Әуезовтің музейінде ұлы жазушының мүсіні орнады.

Әуезов бұл! Қазақ пен қырғыздың байырғы ағайыншылығын сақтап та, қорғап та оны екі елдің бүгінгі және келер ұрпақтарына аманаттап тұрар Әуезов бұл!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт  Тоқаев көрші елдер арасындағы ежелгі қарым-қатынастардың дипломатиялық жаңа жолын, ұлы жазушылар Әуезов пен Айтматов салып кеткен жолын, әдебиеттік дипломатия жолын жаңғыртты!

Екі елге де құтты болсын!

 Жабал Ерғалиев – жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img