spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жыл басынан бері 7 адам суға батып көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз
Сексен көлдің саясында орналасқан Ақмола облысының тұрғындары жаз болса көлге шомылуға асығатыны белгілі. Алайда қауіпсіздік шараларына баса назар аудармаған халық көп жағдайда түрлі қауіп-қатерлерге ұрынып жатады. Өңірде адамдар демалу мақсатында және балық аулау үшін баратын 561 су айдыны бар. Халық қауіпсіздігін баса назарға алған төтенше жағдайлар департаменті бұндай үлкен көлемді қадағалау оңай еместігін және бұл ретте халық та өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін жауапты бола білуі керек екенін айтты.

«Судағы тәртіп ережелерін халықтың есіне тағы бір мәрте салғым келеді:
– балаларды су айдынында қараусыз қалдырмаңыздар және суға ересектерсіз кіруіне жол бермеңіздер;
– тыйым салынған жерлерде шомылмаңыз;
– жүзудің шекарасын белгілейтін шектеулерден аспаңыз;
– балық аулау кезінде міндетті түрде құтқару кеудешелерін пайдаланыңыз;
– қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылғылардан суға секірмеңіздер;
– тәуліктің қараңғы уақытында шомылмаңыз;
– суға мас күйінде кірмеңіз»-, деп халықты қауіпсіздік шараларын бұзбай сақтауға шақырды Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы- Атығаев Нұрлан.

Департамент тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргіліп, халықты дұрыс жүзуге де үйретеміз. Құтқару қызметі де тыңбай еңбек етуде»-, деп толықтырды сөзін спикер. Қажетті шаралар тиісті деңгейде жасалып жатқанымен қауіптің беті әлі де сейілмей тұр. Жыл сайын су айдындарында 300ге тарта бату деректері тіркеледі. Өткен жылы 14 адам дер кезінде құтқарылмай, көз жұмды. Биыл жыл басынан бері 7 өлім дерегі тіркелген. Оның үшеуі кішкентай бүлдіршіндер. Қайғылы оқиғалардың орын алуына бірден бір себеп, адамдардың мас күйінде суға түсуі және тиісті ережелерге салғырт қарауы. Қазір өңірде шомылуға рұқсат етілген 71 орын анықталды, оның ішінде 10-ы коммуналдық және 61-і жеке жағажайлар. Білім, дене шынықтыру және спорт департаментінің басқармаларымен бірлесе отырып балаларды суда жүзудің және судағы жүріс-тұрыстың базалық дағдыларына үйрету жұмыстары жүргізілуде.
Осы мақсатта су қоймаларының жағасында 25 стационарлық бассейн және 65 шағын шомылуға арналған орын, 21 рамалық модульдік бассейндер қолданылады. Осы жылдың басынан бері 2600 бала жүзу дағдыларына оқытылды, бұл жұмыс әрі қарай жалғасады .

Камила Әбделманова

Фото:Ерсаин Койшибаев

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img