spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Орталық Азия тұрақсыздықтың аймағына және қарулы-  қақтығыстар ошағына айналмауы керек!

Сондай-ақ...оқыңыз

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 21 шілдеде Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуіндегі ойлы сөзі осы бір өмірлік те өңірлік те маңызы бар қағидатты алға тартады.

Жабал Ерғалиев,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Сенаторлар кеңесінің мүшесі.

Әлем соғыс іздеп, қақтығыс іздеп қағынып тұрғандай тап қазір.

Адамзат баласының тұрмыс-тіршілігінің және адами қарым-қатынасының қордаланып қалған өзекті мәселелерін шешуді тек қана күш қолдану арқылы шешуге бой алдырғандықтан болар,жер әлем атылып жатқан от қарудың ажал аузынан әлі де қансырап жатыр. Білімі жетіліп, ғылымы дамып келе жатқан әлемнің тізгінін ұстап отырғандардың «өзім ғана бай болсам екен, өзім ғана күшті болсам екен, бүкіл дүние тек менің ғана аузыма қарап, менің ғана айтқаныммен жүрсе екен» дейтін тар пендешілік ойдың және эгойстік көзқарастың қалыбынан шыға алмай отырғандығымыз жалпы адамзат баласының трагедиясына айналып отыр.Адам баласының және мемлекеттердің бір-біріне деген өшпенділіктері өрши түсуде.

Сол өшпенділік өрши түскен сайын, бүгінгі Адамзат баласы бір-бірімен бейбіт жағдайда өмір сүруге қабылетсіз бе деп те қаларың  бар. Және де Адамзат баласы осы күндері өз ақыл-ойларымен, өз қолдарымен жасалған ғылыми-техникалық прогрестің құрбаны болып отыр ма деген ой да қылаң береді. Адамға тамақ, киім керектігінен бұрын, танкі мен ракета, өзге де қару-жарақ жасауға  сандаған темір түрлері, оларды қозғалысқа салу үшін жанар-жағар май, мұнай керектігі әлем мемлекеттерінің алдыңғы саясатына айналды.Табиғи жер асты байлығы бар елдерді тонау, берсе қолынан алу, бермесе жолынан алу және де сол елге өз ықпалдарын жүргізудің саяси ойындары соңғы жылдары тіпті де күшейіп кетті.

Міне, қазіргі әлемдегі жағдай осылай қалыптасып отырған кезде Орталық Азия елдерінің ынтымағы берік болуы аса қажет екендігін ұғына түсерің бар. Қырғыстанның Шолпан-Атасында өткен Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан мемлекеттері басшыларының дәл қазіргідей құбылмалы  геосаяси және әлемдік экономиканың тұрақсыздығы жағдайында өткен бұл  кездесудің тарихы маңзы аса зор.

– Біздің қатынастарымыздың ерекше сипаты Орталық Азияны ХХІ ғасырда дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы бүгін қабылданатын шартта бекітілген. Бұл құжат мазмұны мен тарихи перспективасы тұрғысынан бірегей саналады. Оған елдеріміз арасындағы мемлекетаралық дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығында қол қойылуының символдық мәні бар. Бұл тарихи құжат бесжақты стратегиялық серіктестігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқанымызды білдіреді, – деп  Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз  сөзінде атап көрсеткеніндей және де осы кездесудің  негізгі арқауы ретінде  қауіпсіздік және дипломатия саласындағы өзара іс-қимылдарды нығайту күн тәртібіндегі негізгі мәселе болғандығы өте орынды еді,

Бұл ретте Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия орнықты әлеуметтік-экономикалық дамудың, жан-жақты ынтымақтастықтың, бейбітшілік пен өркендеудің кең аймағына айналуға тиіс»,-деген бір ауыз сөзі тұтас Орталық Азияның бүгіні мен келешегінің нақтылы ұстанымын дөп басып айқындап берді. Және де Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, «мемлекеттер басшылары өңірдегі әлі де сақталып отырған тұрақсыздық факторларын барынша жою үшін барлық мүмкіндікті жасауы керек»,- деуі де негізсіз емес. Өйткені кейде Қырғызстан мен Өэбекстан, кейде Тәжікстан шекарашыларының бір бірлерімен атысып қалулары елең еткізе де алаңдата түсері де сөзсіз.

– Мемлекетаралық шекаралардағы әрбір мылтық даусының жаңғырығы екі елге ғана емес, бүкіл өңірге жағымсыз әсер етеді. Керісінше, дәл қазіргі дағдарыс жағдайында мемлекеттеріміз қайшылықтарды еңсеру ісінде өркениеттіліктің, жауаптылықтың үлгісін көрсетуге тиіс. Шекараны заңды түрде рәсімдеу үдерісінің өте күрделі әрі қиын екенін өз тәжірибемізден білеміз. Даулы мәселелер шынайы тату көршілік пен халықаралық құқықтың іргелі қағидаттарына құрмет көрсету арқылы тек қана бейбіт жолмен шешілуі мүмкін. Бұның басқа жолы жоқ, – деген Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  осы пікірі Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен саясатшыларының ғана емес, түбір бір, діні бір баршамыздың жадымыздан шықпағаны керек.

Қазір тыныш отырған, бүтін отырған мемлекеттерді бүлдіргісі келіп,іріткі салғысы келіп отырған не бір күштер жетіп артылады. Сақтық керек. Бұрынғының «бүлінгеннен бүлдіргі алма» деген қағидасы қазіргі саясатта  жүрмейтіні бар, Керісінше бүлдіріп алып, елді дүрліктіріп алып,бір туған халықтың қолына қару беріп, бірін  біріне айдап салып отырған дүниенің мысалы жетіп артылады. Елді тонау, байлығын иемдену, бейбіт халқын аздырып-тоздыру, босқындау, тіпті қалыптасып отырған мемлекеттілігінен айыру сияқты жайлардың да барлығын бұрынғыны қойып, қазіргі тарихтың да айтары бар..

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемнің бүгінгідей дүрбелең кезінің саясатын реттеу, өзара сенім мен бейбіт өмір сүру жайлы айтып жүрген ойлары мен  ақиқат қағидаттары әлемнің назарын аударып отырғаны да анық жай.Сондықтан да ең әуелі өз еліміздің береке-бірлігін сақтап, айнала шекараланып жатқан мемлекеттермен, олардың халықтарымен тату-тәтті болғнға не жетсін?! Әйтеуір сақ болайық!

Әлем соғыс іздеп, қақтығыс іздеп қағынып тұрғандай тап қазір!.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img