spot_img
Сейсенбі, Қараша 26, 2024
-4.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында мұғалімдердің табысы артады

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысының білім саласында «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасы» кешенді жоспарын іске асыру аясында бірқатар шаралар қабылдануда. Қазақстанда соңғы жылдары педагог мамандарының беделі көтерілді. Мұғалімдердің жалақысын көтеру білім беру саласындағы мамандардың жетіспеушілігін толтыруға көмектеседі.

Алдыңғы үш жыл ішінде Қазақстан Үкіметі педагогтердің жалақысын жүйелі түрде: 2020-2021 жылдардың қаңтарынан бастап 25% – ға және 2022 жылдың басынан бастап 25% – ға арттырғаны белгілі.
Сонымен қатар, педагог, педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-шебер біліктілік санаты үшін қосымша ақылар 30%-дан 50% – ға ұлғайтылды.


«Сонымен қатар, дәптерлерді тексеру және сынып жетекшілігі, магистр дәрежесі үшін төлем ұлғайтылды. Тәлімгерлік үшін қосымша ақының жаңа санаты пайда болды. Педагогтердің мұндай еңбекақысы елдегі орташа айлық жалақымен салыстыруға болады, ол 2021 жылдың соңында 249 349 теңгені құрады», – деп атап өтті «Ақмола облысының білім басқармасы»ММ басшысының орынбасары Валерий Гамазов.
Ерекше жағдайларда педагогикалық жұмыстың басқа түрлері үшін қосымша төлемдер де есептелуі мүмкін. Мәселен:
– Ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс кезінде.
– Үйде оқыту қажет болған жағдайда.
– Ауылдық жерлерде немесе экологиялық жағдайы қолайсыз өңірлерде мұғалімдерге қосымша қаражат төленеді. Осылайша, 2020 жылдан бастап педагогтардың жалақысы үш есе өсті. Кадр тапшылығы байқалатын өңірлерге педагогтарды тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірленді.

«Сондай-ақ, Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес педагогтардың жұмысын ынталандыру үшін облыстың ауылдық елді мекендерінде мұғалімдерге коммуналдық қызметтерге ақы төлеу , отын сатып алып беру сияқты әлеуметтік қолдау көрсетіледі, – деп хабарлайды Валерий Гамазов.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге қатысты кешенді жоспар бойынша үлкен қадамдар жасалуда.
Бүгінгі таңда облыстың жетекші колледждерінде кадрлар даярлау үшін кәсіпорындармен меморандум бекітілген. Студенттерді дуальді оқытумен қамту бойынша жұмыстар жалғасуда.
Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта 12 колледж техникалық және қызмет көрсету мамандықтарының біліктілігін арттыру бойынша қызмет көрсетеді. Қысқа мерзімді оқуға 379 адам жіберілді, бір жылдық жоспар бойынша 544 адам жіберілуі тиіс.
Айта кетейік, облыста жоспардың негізгі бағыттарын іске асыру бойынша жұмыстар ұйымдастырылып, белсенді жүзеге асырылуда. «Мемлекет басшысының тапсырмасы уақытылы орындалады», – деп сендірді В.Гамазов.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img