Ауданы 8,1 мың шарты километрді құрайтын Ақкөл ауданында қазір 24,8мың адам мекендейі. Ақкөл қаласының тұрғындары 13,6мың адам. Аймақтағы ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру жұмыстары да қарқынды дамып келеді. Айталық, биылғы жылғы жалпы өнім көлемі 3,6 млрд теңгені құрайды. Ауыл шаруашылығына деп бөлінген жердің жалпы ауданы 517,8 мың га. Оның ішінде егістікке арналып 223,5 мың га, ал, мал жайылымы үшін 280,9 мың га жер қарастырылған. Мал шаруашылығында ІҚМ басы 1,9 пайызға артып, 28,3 мың басқа дейін жеткен. Оның ішінде:
• сиырлар -11,5 мың,
• қой мен ешкі- 30,3 мың,
• жылқы-13,4 мың,
• шошқа басы -6,1 мың ,
• құс басы- 286,9 мың басқа дейін жеткен.
Ауданда шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып, инвестиция көлемі 2,8 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар, аудан төңірегінде жасалып жатқан құрылыс, жөндеу жұмыстары да қарқынды. Айталық, Ақкөл қаласында мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуе. Ауданы 1528 метр квадратты құрайтын мәдениет үйінің көрермендер залында 475 орын болады.
« Мәдени-көпшілік іс-шаралар, мерекелік концерттер, тақырыптық кездесу кештері мен шоу-бағдарламаларды өткіземіз. Сондай-ақ, мәдениет үйінде 10 түрлі үйірме бойынша 134 адам оқиды. Көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысушылар аудан өміріне белсенді қатысады. Ғимаратта би залы, үйірме бөлмелері де бар»-, деді мәдениет үйінің директоры-Сәлима Шарипова.
2021 жылы аталмыш мекеменің жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары 844 мың теңгеге жүргізілді. Биылғы жылы да «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 268,4 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді
Камила Әбделманова
Фото: Берік Ескенов