spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Өңірде киік атуға рұқсат берілуі мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысында киік атуға рұқсат берілуі мүмкін. Өйткені ақбөкендер шаруаларға кедергі келтіруде. Республика бойынша олардың саны бір миллион үш жүз мыңға дейін жеткен. Қазір экология министрлігі дала жануарларының популяциясын реттеу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Киіктердің әлемдік популяциясының 90 пайызы Қазақстан Республикасның аумағын мекендейді. Сәйкесінше, Ақмола  облысында да киіктер жоқ емес. Бұл қарапайым шаруалардың үлкен проблемасына айналды. Олардың айтуынша, ақбөкендер егінді таптап, зиянын тигізіп жатыр. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары- Абдықалықов Ғалымжан былай деді:

«Ақбөкендердің егін таптауы жыл сайын талқыланатын үлкен проблемалардың бірі. Биылғы жылы да бұл мәселе үлкен  резонанс тудырды. Аудандардың жедел мәліметтері бойынша  146 мың гектардан астам егістік алқаптары  тапталған. Және бұл көрсеткіш күн санап арта бермек.  Осыған байланысты облыс әкімдігі аталған мәселені шешу бойынша жоғары тұрған министрліктерге хат жолдады. Қазіргі уақытта Республикалық үкіметтік комиссия бұл мәселені талқылауда».

Мәселені шешу үшін экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі ақбөкендер санын реттеуді жоспарлауда. Яғни, белгілі бір көлемін ғана атуға рұқсат беруі мүмкін. Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы – Бақытжан Исахаев болса:

«Егер киіктерді аулауға рұқсат етілетін болса, олардың тек 10 немесе 20 пайызын ғана аулауға рұқсат етілетін болады. Өйткені,бұл сұрақтың нақты жауабын  ғылыми ұйым анықтайды. Қанша пайыз, қанша көлемде, қанша мерзімде және қандай тәсілмен аулау туралы шешім қабылданады. Белгілі бір пайыздық көлем арқылы атуға рұқсат беріледі», – деп жауап берді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент киік мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Ол Жайық өңіріндегі ақбөкендердің 10%-ін ату туралы ұсынысты құптамайтынын мәлімдеді.

«Мұның бәрін қоғамдық талқылау деңгейіне жеткізудің қажеті қанша? Шынымен киік – қазақ үшін киелі жануар. 80 мың киікті табиғи ландшафттан шығару, яғни, қыру туралы ұсыныс айтылып жатыр. Әрине осы шараға да жүгінуіміз мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Әйткенмен бұл – шарасыздықтың амалы ғой. Сарапшылармен кеңесіңіз. Өзге де әдістер бар көрінеді. Бұл мәселеге ұлтымыздың менталитетін ескере отырып, кәсіби тұрғыда қарау керек»-, деді Қазақстан Республикасының Президенті, Қасым-Жомарт Тоқаев.

Шынымен де,  киелі жануарларға қатысты жұртшылықтың пікірі қарс айырылды. Табиғат қорғаушылары егін шаруашылығына төнген қауіптің бәрін киікпен ғана байланыстыру дұрыс емес дейді. Соңғы жылдары елімізде үлкен тас жолдары салынуда. Олар  киіктердің көшіп қонуына кері әсерін тигізіп отыр. Жануарлардың миграциясын бөгемеу мақсатында экологиялық коридорлар жасалуы тиіс деген ұсыныстар да бар.

«Киіктерді құр атып, көзін жою тиімсіз әрекет. Олардың саны әлі де реттеуге келмейді. Бізге әлі өсім керек. Ол үшін 2-3 миллион басқа жеткізу керек. Екіншіден шаруалармен туындаған мәселе, жерлердің онды солды таратылып кетуі. Кезінде киіктердің миграциялық, төлдейтін жолдары ауыл шаруашылығына берілген. Қарап отырсақ не киіктің жайылатын, не малдардың жайылатын жері азаюда.  Азық іздеген киіктер егін алқаптарына кіреді.  Жалпы, Киіктерді атуға нормативтік құқықтық актілер тұрғысынан да, сауда нарығына шығатын болсақ, оның айналымы тұрғысынан да біз дайын емеспіз. Оны ататынын атып алып, ертең еті сасып, мүйізі контрабандалық жолмен сатылып жататын болса онда бұлардың бәрі нәтижесіз»-, дейді тәуелсіз экологиялық шолушы -Сәкен Ділдахмет.

Қалай десек те, киіктің мәселесін кешіктірмей шешу керек. Жойылып кету қаупі төніп тұрған флора мен фауна түрлерімен халықаралық сауда туралы «Ситес» конвенциясына сәйкес, киіктерге қатысты нөлдік квота бекітілген. Яғни, ақбөкендерге қатысты бұл шешімді тек ел ішінде ғана емес, шетелге де дәлелдеу қажет.

 

Камила Әбделманова

Фото: travelask.ru

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img