spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 8, 2024
9.8 C
Kokshetau

Көкшетаулық мемлекеттік қызметкер баланы өлімнен құтқарды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Зерендіде мемлекеттік қызметкер екі жасар баланы өлімнен құтқарды»-, деп хабарлайды » AQMOLA NEWS «АА.

Шілденің 14 – і Сатыбек Жолдаспаев жұмыс бабымен Зерендіге барады. Айтуынша күндізгі сағат 12 шамасында су жағасында бүлдіршіннің есінен танып жатқанын көрген. Сол сәтте баланың анасы да көмек сұрап, айқайлаған көрінеді.

«Алды-артыма қарамастан көмек көрсетуге жүгірдім. Бала есінен танып қалған. Бұған дейін, мамыр айында төтенше жағдайларда алғашқы көмек көрсету жаттығуларын үйрететін курсқа қатысқанмын. Сол өмірде қажет болды. Баланы ояту үшін кеуде тұсын басқылап, жасанды тыныс алдыру әдістерін жүзеге асырдық. Қасымда баланың анасы мен өзімнің әріптес достарым болды. Менің орнымда басқа біреу болса да баланы аман алып қалуға барын жасайтын еді. Бұл біздердің адами борышымыз»-, деді бүгінгі күннің батыры-Сатыбек Жолдаспаев.

Қорқынышты жағдайдан аман қалған 2 жасар Жәңгір 2020 жылдың 7 қырқүйегінде дүниеге келген. Бала есін жиғаннан кейін жедел жәрдем қызметі келіп, бүлдіршіннің жағдайын тексерді. Дәрігерлер клиникалық өлімнен кейінгі жағдай деп тіркеген. Дер кезінде көмек көрсетілмегенде жағдай қиын болар еді. Қазір бала дәрігерлердің қарауында. Жағдай тұрақты.

Құтқарушы, Сатыбек Жолдаспаев Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында жаңа нысандардың кураторы болып жұмыс істейді. Бір қызығы оның да ұлының аты Жәнгір екен.

«Өзім құтқарып жатқан бүлдіршіннің туған баламмен аттас екенің білгенде таңданысымды жасыра алмадым»-, дейді. Адамның күні адаммен деп бабаларымыз тегіннен айтпаса керек. Нағыз батырдың ұрпақтары екенің осындай кезде дәлелдейді азаматтарымыз.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жетістікке апарар жол

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, «Жетістікке апарар жол» атты қазақ боксшысы, 2013 жылғы Азия чемпионы, Бүкіләлемдік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img