spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында агроөнеркәсіп кешені көрсеткіштері өсуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 120,1 млрд. теңгені құрап, 0,5% – ға артты. Соның ішінде азық-түлік өнімдерінің өндірісі 65,9 млрд.теңгені құрады. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді деген. Осыған орай, биылғы жылы жаздық егіс алқабы 5, 1 млн. Гектарға дейін ұлғайтылды. Бұл ретте дәнді дақылдар алаңы 27 мың гектарға, яғни, 4,6 млн. гектарға дейін кеңейтілді. Өнімнің жақсы шығуы климатқа да байланысты. Ал биылғы жылы жауын-шашын мол. Сол себепті, егін ойдағыдай көлемде шығады деп жоспарлануда.

«Әлеуметтік маңызы бар тауарлар үшін шикізат өндірісіне жеке тоқталғым келеді. Соңғы уақытта азық-түліктің қымбаттауына байланысты ішкі нарықты осы өнімдермен қанықтыру мәселесі өзектілердің бірі болып тұр. Оны шешу үшін біз майлы дақылдар алаңын 18,5 мың гектарға ұлғайттық, қазір аумақ 283 мың гектарды құрайды. Картоп бойынша өсім 2,2 мың га, ал көкөністер бойынша 0,4 мың га жуық көлемді алып отыр.  Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта картоп пен көкөніс шаруашылығын дамыту мәселелері ең өзекті. Онсыз біз халықты толықтай азық-түлікпен қамтамасыз ете алмаймыз, өйткені бұл дақылдар әлеуметтік маңызды»-, деп мәлімдеді облыс әкімінің орынбасары-Абдықалықов Ғалымжан.

Азық-түлік тауарларын экспорттау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылғы көрсеткіш 151,3 млн. АҚШ долларын құрайды. Ал, инвестиция ағыны өткен жылдық көрсеткіштермен салыстырғанда 30% – ға төмендеп, барлығы 31,5 млрд. теңгеге жеткен көрінеді. Бұл бойынша облыстың тек 4 ауданында ғана өсім байқалады, бұл:

Егіндікөл (1,9 есе 2,4 млрд. теңгеге дейін),
Астрахан (1,6 есе 6,2 млрд. теңгеге дейін),
Бурабай (1,5 есе 1,1 млрд. теңгеге дейін)
Ерейментау (1,3 есе 1,2 млрд. теңгеге дейін).

Егістік алқаптарын арам шөптерден қорғау жөніндегі іс-шаралар аяқталған. Ал, зиянкестер мен түрлі өсімдік ауруларына қарсы жұмыстар әлі де жүргізілуде. Келесі жылға егіс алқаптарын дайындау, мал шаруашылығы саласын жеммен қамтамасыз ету, сондай-ақ егін жинауға дайындық жұмыстары да қарқынды.

«Мәселен, бүгінгі күні химиялық препараттарымен 4,3 млн. га ауыл шаруашылығы алаңын себу жоспалануда. Оның ішінде екі жақтыға қарсы – 2,8 млн. га және дәнді дақылдарды қорғауға -1,5 млн. га аумақ қарастырылған»-, деді Абдықалықов Ғалымжан.

Ақмола облысы республика бойынша агроөнеркәсіп саласындағы алдыңғы қатарлы өңірлердің бірі екені белгілі. Сол себепті халықты ет, сүт, нан сынды маңызды азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету жауапкершілігі мойнымызда тұрғандай. Ауылшаруашылық өңімдерін шығару жұмыстары қарқынды әрі жемісті жүріп жатқаны халықты қуантпай қоймайды.

Камила Әбделманова
Фото: Берік Ескенов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img