spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
11 C
Kokshetau

Көкшетауда жаңа медициналық орталық ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ақмола облысының әкімдігімен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шарт аясында «Viamedis» клиникалық-оңалту орталығының ашылу салтанаты өтті. Емхана Сарыарқа мөлтік ауданында орналасқан.

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев іс-шараның шымылдығын ашып, өңір бойынша денсаулық сактау саласындағы жетістіктерді атап өтті.

«Көкшетау мен оның іргесіндегі елді мекендер үшін бұл орталықтың ашылуы үлкен сый. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әлеуметтік сала дамуына үлкен назар аударуды талап етті. Бұл тұста денсаулық сақтау саласына да ерекше ден қойған абзал. Осыған орай біздің облыста денсаулық сақтау жүйесінде елеулі, оң өзгерістер орын алуда. Жаңа медицина орталықтары салынып, бұрынғы мекемелер қалпына келтірілуде. Медициналық заманауи технологиялар да енгізілуде. Жыл сайын денсаулық сақтау саласының бюджеті артып келеді.Соңғы екі жылда біздің облыстық денсаулық сақтау басқармасының бюджеті 165 млрд.теңгеден асты»-,деп құттықтау лебізін білдірді облыс әкімі.

Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова да қатысты.

«Кез-келген мемлекеттің ең басты капиталы-адами капитал. Ең үлкен байлық – денсаулық. Сондықтан, халықтың денсаулығын нығайтуға бұл нысан өзінің үлкен үлесін қосады. Халық үшін тағы бір қолжетімді медициналық нысан пайда болды. Бұл мекеме ем-домның барлық түрін қамтамасыз етіп отыр. Ауруханада ангиографияның болуы да халыққа үлкен мүмкіндік. Бұндай диагностика түрінің бүкіл республика көлемінде саны шектеулі»-, деп ақмолалықтарды жаңа орталықтың ашылуымен құттықтады.

Емхана барлық заман талабына сай жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлық жағдай қарастырылған. Биылғы жылдың өзінде облыстағы медициналық мекемелерді жабдықтау деңгейі 85% – ға жетті. Бұл атап айтарлықтай жоғарғы көрсеткіш. Сонымен қатар, 630 орындық заманауи көпбейінді аурухана салу жоспарлануда. Қыркүйек айына дейін құрылыс жұмыстары басталады деп күтілуде.

Камила Әбделманова

Фото Берік Ескенов

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img