spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Жол саласында кадр тапшылығы мәселесі шешіле ме?

Сондай-ақ...оқыңыз
Соңғы жылдары жол-құрылыс саласында кадрлардың тапшылығы айтарлықтай байқалады. Бұл тек тар профильді мамандар мен құрылыс инженерлері ғана емес, сонымен қатар, машинистер, механиктер және басқа да маңызды және негізгі мамандықтар. Сарапшылардың пікірінше, елдегі «кадрлық тапшылық» жол-құрылыс маусымы қызған кезде 10 мың маманға дейін жетеді. Бұл елдің инфрақұрылымдық дамуына, орындалатын жұмыстардың және жобаларды іске асырудың сапасы мен мерзіміне әсер етеді.

«Автожолдарды салу және жөндеу көлемі күн санап өсуде.  Сол себепті де, еңбек нарығы бұл салада жыл сайын білікті мамандарға зәру. Бізге үздік дайындалған мамандар қажет. Бұл жол шеберлері, инженер-құрылысшылар, инженер-сметашылар, асфальтбетоншылар, автогредеристер, механизаторлар, ресайклерлер, арнайы техника машинистері және т.б. Негізгі жол күштерінсіз еш жерде автожолдарды жөндеу немесе салу жұмыстарын жүргізе алмайды»-,  деп атап өтті ҚР ИИДМ «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Ақмола облыстық филиалының директоры Талғат Жүсіпов.

Қазір мемлекет тарапынан кадрлар даярлау үшін үлкен қолдау көрсетілуде. Жыл сайын жол саласының түрлі мамандықтары бойынша оқуға 10 мыңға жуық грант бөлініп, студенттер стипендия және жатақханалармен қамтамасыз етіледі. Бірақ жолшыларды дайындайтын негізгі жоғары оқу орындары Нұр-сұлтан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. Жолшыларға деген сұраныстың жоғары болуына байланысты кейбір аймақтарға кадрларды іздеу қиынға соғады.

«Біздің Ақмола облысында жолшыларды тек Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінде ғана дайындайды. Сондықтан біз олармен серіктестік орнаттық. Олардың «автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы» мамандығының студенттері жыл сайын өндірістік тәжірибеден өтеді. Мұнда олар жолшылардың жұмысымен егжей-тегжейлі танысып, алған теориялық білімдерін іс жүзінде бекітеді. Сондай-ақ біздің мамандар дипломдық жұмыстарды қорғау кезінде студент-түлектердің ғылыми жетекшілері ретінде де әрекет етеді. Бірақ, ең бастысы-студенттер бізде ақылы практикадан өтеді, яғни практикадан өту кезінде 85 мың теңгеден астам жалақы төленеді. Нәтижесінде біз кадрларды өзіміз дайындаймыз, студенттерге жаңа дағдылар мен терең білім алуға мүмкіндік береміз», – деді Талғат Жүсіпов

Жол активтерінің сапасы Ұлттық орталығының филиалында жыл сайын 5 студент ақылы тәжірибеден өтеді. Биылғы практиканттар қатарында  Нариман Мұхаметқалиев те бар. Боз бала тәлімгерлердің берген тапсырмаларын  ерекше ыждаһаттылықпен орындап, өзін қабілетті машықтанушы ретінде көрсете білді.

«Барлығы мен үшін өте қызықты. Қазір тәжірибелі мамандармен жұмыс істеймін, көп нәрсені үйрендім, жаңа тәжірибе жинақтадым. Біраз дүниені университеттегі дәрістерде ғана естіген едім, енді жабдықтармен өз бетімше жұмыс істей алатын болдым. Жол-құрылыс материалдарына зертханалық сынақтарды да жүргізе аламын. Осы жерде білімімді практикалық тұрғыдан бекітіп, жұмыс қағидаттары мен жүйесін меңгеру мен үшін үлкен мүмкіндік деп есептеймін», – деп бөлісті Нариман Мұхаметқалиев.

 

Айта кетерлік жайт, көп студенттер филиал қабырғасында тәжірибеден өтіп, әрі қарай осы мекемеде жұмысқа орналасады. Жол инженерлерінің пікірінше, бұл жол саласындағы кадрлар тапшылығын бір қалыпқа келтіру жолындағы таптырмас шешім. Себебі, инфрақұрылымдық дамудағы маңызды бағыттардың бірі-сапалы кадр.

 

Камила Әбделманова

Фото: Аслан Абуталипов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img