spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
11 C
Kokshetau

Ақмола облысында қант қоры жеткілікті, ал пияз қымбаттауы мүмкін

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының сауда департаменті апта сайын коммуналдық базарларда, сауда желілерінде, сондай-ақ үй жанындағы дүкендерде мониторинг жүргізеді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жұмыстарын қолға алғандарын да мәлімдеді.

Жидек қайнату маусымына байланысты болар, еліміздің көп қалаларында, соның ішінде Ақмола облысында да қантқа сұраныс артып отыр. Кейбір дүкендерде сөрелер бос тұр, ал таңғы 8 болмай жиналатын ұзын-сонар кезектің бітер түрі жоқ. «Халық босқа дүрбелеңге бой алдырып жатыр. Қоймада қант қоры жетерліктей бар. Бірақ сата берсең, ала беретін халықтың тоқтайтын түрі жоқ»-, деп қантқұмар халыққа үндеу тастады Қайыржан Оңғаров.

«Күн сайын Көкшетау қаласындағы дүкендерге 200-400 кг. қант жеткізіледі. Мемлекет үшін бұл айтарлықтай үлкен көлем. Кейбір дүкендерде тоннаға дейінгі көлемде қант сатылады. Көтерме бағасы әлеуметтік дүкендерде 430 теңге. Ал, үй маңындағы дүкендерде бағалар 950 теңгеге дейін барады. Түсіндірме жұмыстарынан кейін бизнес субъектілері қантқа арналған сауда үстемесін 10-12% – ға дейін төмендетті. Белгіленген заңдар бойынша баға үстемесін шамадан тыс көтерген жағдайда тиісті шаралар қабылданатын болады».

Қазіргі таңда алаңдатушылық тудырып тұрған тағы бір мәселе-пияз. Яғни, көршілес елдерде бұл көкеніс бағасы біздің елдің бағасымен салыстырғанда әлде қайда қымбат. Өзіміздің мемлекетпен қатар, көршілерімізді де пиязбен қамтамасыз етіп отырғандықтан қауіп бар дейді. Бірақ, қантпен болған дүрбелең қайталанбас үшін, халық пиязды аса көп мөлшерде сатып алу тиімсіз болтынын түсінген абзал. Сол кезде жағдайды бірқалыпты ұстап тұруға сауда департаменті қауқарлы.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img