spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 21, 2025
12.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында эпидемиялогиялық жағдай тұрақты

Сондай-ақ...оқыңыз

Өңірде эпидахуал тұрақты. Әзірге қауіп жоқ. «Бірақ, бұл еркінсінуге болады деген сөз емес»-, дейді Ақмола облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

«COVID-19 жұқтырушылар биылғы жылдың 15 маусымынан бастап сәл көбейгені байқалады. Атап айтар болсақ, өткен аптада 29 маусымнан – 6 шілдеге дейін 32 жағдай тіркелді, Ал, соңғы аптада, яғни, 7 шілдеден – 13 шілдеге дейінгі аралықта – 51 жағдай анықталған. 78 науқастың 45-і, яғни, 58%-ы вакцинацияланбаған, 33 екпе қабылдаған бірақ, уақтылы ревакцинация алмағандар. Аршалы ауданында-16 жағдай, Бурабай ауданында-13, Көкшетау қаласында-10 жағдай, Бұланды ауданында-9, Есіл ауданында-7, Біржан Сал, Зеренді ауданында және Шортандыда 4-тен, Астраханскомиде-3, Ерейментау, Степногорск қалаларында және Жарқайың ауданында 2-ден, Атбасар және Қорғалжын қалаларында 1 жағдай тіркелген»-, деді Серік Омарханов.

Жазғы демалыстар уақытында түрлі инфекциялық аурулардан сақ болуға да шақырды департамент. Мысалы, республика бойынша аса қауіпті минингокок инфекциясымен ауырғандар саны 2,1 есе өсіп, сероз минингитімен 303 адам ауырған. Ақмола облысы бойынша соңғы жарты жылдықта 3 жағдай тіркелген. Бұл ауру түрінен де сақтанудың бірден бір жолы вакцина алу. Сондай-ақ қарапайым санитарлық талаптарды ұстанып жүрген абзал. Деңсаулықты сақтау өз қолымызда екенін естен шығармайық!

Камила Әбделманова
Фото автордыкі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай облыс орталығында экологиялық акция өтті

Ағымдағы жылдың сәуір айының 18 жұлдызында, Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай, Көкшетау қаласында қазақтың ұлы ғалымы, XIX...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика