spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
6.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында республикалық «Jana Dala/ Green Day» көрмесі өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Дала күніне орай өткізілген шараға премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов пен облыс әкімі Ермек Маржықпаев қатысты. «Expo Time» компаниясы ұйымдастырған айтулы мерекеге арналған көрме жоғарғы деңгейде өтті.  Агроөнеркәсіп саласы бойынша тәжірибе алмаскан іс шараға шетелдік компаниялар мен отандық агроөнеркәсіп кешенінің 5 мыңнан астам АӨК кәсіпқойлары, сондай-ақ, Германия мен Чехия елшілері қатысты.

« Чехия мемлекеті аталмыш іс-шараға тұңғыш рет қатысып отыр. Біз қазақстандықтар өткізіп жатқан осынау ауқымды іс-шараға үлкен ыждаһаттылықпен дайындалып, республикамыздың атынан көрмеге қатысып жатырмыз. Ауылшаруашылығы өнімдерін молайту кез-келген ел үшін үлкен басымдыққа ие. Қазақстан дәнді дақылдар, ет пен сүт өнімдерін шығару бойынша алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі. Ал, Чехияда ауылшаруашылығы техникаларын өндіруші бірнеше ауқымды компаниялар жұмыс істейді. Осы орайда, екі ел арасындағы байланыс пен серіктестік нығайса дейміз. Себебі, агроөнеркәсіп саласын дамыту ел экономикасына әсер ететін бірден бір фактор»-, дейді Чехияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі – Рудольф Гикл.

Көрмеде дөңгелек үстелдер мен шеберлік-класстары, ауылшаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылау жұмыстары жүргізілді. Ақмола облысы агроөнеркәсіп саласындағы алдыңғы қатардағы облыстардың бірі және бірегейі. Бұны көрмеге қатысқан сала мамандары растап отыр.

«Дала күні жылда жоғарғы деңгейде аталып өтетін ауқымды іс-шаралардың бірі. Биылғы жылғы шараның ауқымы да, маңызы да үлкен. Жан-жақтан келген әріптестерімізбен ауылшарушылығы саласындағы айшықты мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып жатырмыз. Биыл мысалы, жауын-шашынның көп болуына байланысты өсімдіктер ауруы көбейіп жатыр. Түрлі жәндіктердің шығуы тағы бар. Осы сынды проблемаларды талқыладық. Шетелдік серіктестердің ұсынып жатқан технологияларын да қарастырып жатырмыз. Биыл біз үлкен ауқымда жүгері өсіріп жатырмыз. Дақыл жинау науқаны басталған кезде бізге арнайы техника қажет болады. Сонымен қатар мал азығын дайындау үшін де арнайы құрылғылар керек»-, дейді Айбар Есентуров.

Ақмола облысы еліміздегі агроөнеркәсіп саласы озық дамыған өңірлердің бірі. Жыл сайын ауылшаруашылық өнімдері айтарлықтай мол көлемде игеріліп, Қазақстанның түкпір-түкпіріне импортталып жатады. Шетелмен де байланыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылы да сол жетістіктерді қайталап, орын алып жатқан мәселелердің шешімін табу қажеттігін айтып, бірқатар тапсырмалар берді облыс әкімі.

Камила Әбделманова
Фото: Берік Ескенов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img