spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 21, 2025
11.3 C
Kokshetau

«Қазақанимация» 2022 жылы көрерменге 10 мультфильм ұсынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев facebook желісінде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы жанынан «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін құру жұмыстары қалай жүріп жатқанын баяндады, деп хабарлайды informburo.kz.

Министрдің жазуынша, бұған дейін анимациялық пилоттық жобалардың сценарийлеріне байқау ұйымдастырылса, қазір ұсынылған жобаларды іріктейтін сараптамалық кеңес құрылып жатыр.
«Әлемнің бірнеше жетекші анимациялық студиясынан шетелдік маман тарту арқылы жыл соңына дейін алғашқы 10 пилоттық жобаны көрерменге ұсынуды көздеп отырмыз», – деді Дәурен Абаев.

______________
Оның хабарлауынша, шығармашылық бірлестіктің жұмыстары арқылы ұлттық анимацияның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ол өнімдерді үлкен прокатқа шығару жоспары бар.
«Заман көшінен қалмай, білімді де білікті шығармашыл жастарымызды қолдап, жаңа идеялар мен тың бастамаларға ыңғайлы алаң жасауымыз қажет. Аудитория сұранысын қанағаттандыратын сапалы контент қалыптасырып, шетелдік әріптестермен тығыз байланыс негізінде қазақ анимациясын халықаралық дәрежеге көтереміз деп сенемін», – деді министр.

ФОТО : informburo.kz

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика