spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
6.5 C
Kokshetau

Целиноград ауданында кәсіпкерге 5 млн. теңге заңсыз айыппұл салмақ болған

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданының прокуратурасымен өтінішті тексеру барысында кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне негізсіз араласу дерегі анықталды.

Атап айтқанда, Целиноград аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан-әрі-Басқарма) қызметкерімен «Мәншүк АЭ» ЖШС-де ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізілген.

Тексеру шеңберінде кәсіпкер объектісінде тамақ өнімдері мен шайындылардың сынамалары алынды және жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша шекті рұқсат етілген санитариялық көрсеткіштердің асып кетуі анықталған.

Осы мән-жайларды ескере отырып, Басқарма ЖШС-тің атына бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізіп, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырған, оның санкциясымен 5 млн теңгеден астам айыппұл көзделген.

Алайда, прокурорлық тексеру көрсеткендей, Басқарма қызметкерінің әрекеттері заңсыз болған, өйткені тексерілген объектілерде қызметті 2020 жылғы 11 мамырдағы «Мәншүк АЭ» ЖШС-мен жасалған жалдау шарты негізінде басқа кәсіпкермен жүзеге асырылған.

Басқаша айтқанда, тексеру кезінде бұзушылықтар анықталған объектілерге «Мәншүк АЭ» ЖШС-нің ешқандай қатысы болмаған, бұл анықталған бұзушылықтар үшін оның жауапкершілігін жоққа шығарады.

Целиноград ауданы прокуратурасының актісі бойынша Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық басқарма қызметкерінің «Мәншүк АЭ» ЖШС-не қатысты жүргізген тексеруін заңсыз деп таныды, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Бақылаудың жоқтығы үшін Целиноград ауданы СЭК басқармасының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал бизнес субъектісінің қызметіне негізсіз араласқаны үшін Басқарма қызметкері ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабының 1-бөлігінің 5-тармақшасымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Целиноград ауданының прокуратурасы

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img