spot_img
Сенбі, Қыркүйек 6, 2025
16.2 C
Kokshetau

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына​ Әбілев Думан​ Қайратұлы​ тағайындалды.

Әбілев​ Думан​ Қайратұлы Қарағанды қаласындағы​ «Болашақ» институтын «Саясаттану»​ мамандығы бойынша, Қазтұтынуодағы Карағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 13 жылдан асады. Алғаш рет еңбек жолын 2008 жылы Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасында жетекші маман болып бастаған.​ Агенттіктің жүйесінде 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін​ Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Тәртіптік кеңес қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты, одан әрі​ Агенттіктің Мемлекеттік қызмет департаментінде​ басқарма басшысы,​ Департамент​ директорының орынбасары лауазымдарын атқарады.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін​ Агенттіктің​ Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры лауазымын атқарған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бәсекеге қабілетті ұрпаққа инвестиция: Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында елімізде білім саласы қалай жаңғыртылып, ғылыми әлеует қалай дамып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында стратегиялық міндет қойды...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика