spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 19, 2024
11 C
Kokshetau

Көкшетау іргесінен бірегей жәдігерлер табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысына қарасты Ботай мәдениетінің энеолиттік қоныстарынан екі тұрғын үйдің контуры анықталды. Бұл көненің көзі болған құнды жәдігерлер «Ботай мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы» жүргізген зерттеу жұмыстары барысында табылған. Сол дәуірге тән қырғыштар, жебе ұштары, пышақтар мен керамика фрагменттері табылған қазбалар үлкен олжа»-, дейді археологтар. Айталық, ботайлықтар балық аулау үшін пайдаланған сүйектен жасалған құралдар мен балта-пышақтарға ойылып салынған жылқының өрнектерін аңғаруға болады.


Бірегей құнды археологиялық жәдігерлердің бірі-осы сүйектен жасалған балық аулауға араналған құрал. Яғни, біздің дәуірімізден мыңдаған жылдар бұрын ботайлық ата-бабаларымыз жылқы шаруашылығымен қатар балық шаруашылығымен де айналысқанын дәләлдейді. Осылайша, тапқыр ботайлықтар жылқы малының жал-құйрығын да кәдеге жарата білген көрінеді. Тым сирек кездестерін жәдігерлердің тағы бірі – сүйектен жасалған пышақ. Бұл жолы табылған пышақтың өзгелерден ерекшелігі оның көлемінің өзгелерден үлкенірек болуы. Бұндай пышақтармен мал сойған болуы да мүмкін екенін айтты археолог мамандар.


«Мәселен, осыған дейінгі қазба жұмыстары барысында 2-25 метрлік үй шұнқырлары табылған. Ол жерге мал етін бөлшектеп көміп, үстіне 2-3 апта бойы өшірмей от жағып отырған . Содан кейін ет бұқтырылып, ұзақ уақыт сақтауға мүмкін болған. Осындай қызықты әрі тың деректерді қазба жұмыстарында табылған археологиялық фактілерге сүйеніп, анықтаймыз»- деді «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры – Қуаныш Шақшақов.

Камила Әбделманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img