Биылғы жылдың соңғы 5 айының қорытындысы бойынша ірі қара мал басы 553,4 мың басты құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7%-ға артық. Қой мен ешкі – 767,2 мың басты 3,5%-ға, жылқы – 265,7 мың басты 7,0%-ға көбейді. Сәйкесінше, жыл басынан бері мал шаруашылығы өнімінің өндірісі, атап айтқанда, ет – 0,8%-ға 78,6 мың тоннаға дейін және сүт – 0,5%-ға 145,2 мың тоннаға дейін ұлғайды, жұмыртқа өндірісі 299,4 млн. дананы құрайды.
Облыста мал шаруашылығымен қатар, құс өнімдерін дамытуға да аса назар аударылып отыр. Мәселен, биылғы жылы құс етінің өндірісі 130 мың тоннаны құрап отыр. 2021 жылы бұл көрсеткіш 94000 тоннаны көрсеткен. Айтарлықтай өсім бар. Өңір экономикасын дамыту жолындағы басты факторлардың бірі ет өнімі мен сүт өнімдерін дамыту. Осы бағытта қарқынды жұмыстар атқарылуда. Соладың бірі қыстық мал азығын реттеу.
« Мал азығына қажет өнімдер: 91 мың тонна азықтық бірлік қоректік құндылығымен 260 мың тонна пішендеме, 190 мың тонна сүрлем – 34,2 мың тонна азықтық бірлік сабан – 750 мың тонна – 150 мың тонна азықтық бірлік, Жем 650 мың тонна-715 мың тонна азықтық бірлік, шөп 1 260 мың тонна – 530 мың тонна азықтық бірлікты құрайды»-, деп мәлімдеді Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің орынбасары – Итқұсов Қасым Латыпұлы.
Осылайша, алдағы қыстауға бір шартты бас үшін азық-түлік бірлігі 23,7 центнерді құрайды. Бұл жоспарланған өнім мен ұрпақ көлемін, сондай-ақ жалпы мал басын сақтай отырып, толық тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көрсеткіш.
Осы қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында, биылғы жылғы егіс алқаптарының көлемін ұлғайту көзделіп отыр. Айталық, жемдік дақылдардың жаздық егіс алаңы 9,1 мың гектарға үлкейіп, 184,6 мың гектарды құрайды. Биылғы жазда жауын-шашынның көп болуы да өнімге оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Камила Абдельманова
Фото автордікі