spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
8.3 C
Kokshetau

Көкшетаулықтар жалақының аздығынан несие алуға мәжбүр

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда несиеге байланып отырған адам көп. Азық-түліктің өзін бөліп төлеу арқылы алып жүргендер қаншама. Сауалнамаға қатысушы Көкшетау халқының 30 пайызы азық-түлікті бөліп төлеу арқылы алғандарын айтты. Себебі жалақы жетпейді, жан қысылғанда бөліп төлеу арқылы алуға тура келеді»-, дейді ашынған халық. Несие алушылардың дені 18-35 жас аралығындағы тұрғындар.


Есімін құпия қалдыруды өтінген кейіпкеріміз осыдан бір жыл бұрын кредит алып, ақыр соңында оны уақытылы төлей алмай, қарызға белшесінен батқанын айтты.
«Тұрақты жұмысым жоқ. Студентпін. «3 айға бөліп төлеу арқылы қалаған тауарыңды алуға болады, алып алсан кейін біртіндеп төлейсің»-, деген сатушының азғыруына еріп, сол жерде тұрып, телефон қосымшасы арқылы 2-ақ минутта бәлеге кірдім. Шыны керек, өзімнің жұмысымның жоғына қарамастан, ойланбай сол ақшаны тоқтаусыз жұмсай бердім. Төлем уақыты келген кезде төлей алмай қиналым. Ата-анамнан сұрайын десем батылым жетпеді. Осылайша қарызға белшемнен батып, не істерімді, кімнен көмек сұрарымды білмей әлек болып жүрмін»-, деп мұңын шақты кейіпкер.

Шынымен де, осы сынды халыққа қолжетімділігімен танымал банктер адамның жасына, тұрақты жұмысы бар я жоғына қарамай несие бере береді. Осылайша көрпесіне көсіле білмеген халық қарызға батып әлек.
Айталық, тауардың бағасын 3 айға бөліп төлеуге арналған клубтар баршылық.«Пайызсыз, комиссиясыз және артық төлемсіз» деген жарнама тек уақытылы төлем жасаған жағдайда ғана шындыққа ие. Ал төлем уақытынан небәрі бір күнге кешігер болса қыруар комиссия жымқыратыны мәлім.

Несие ойыншық емес! Оны алушы адам да, беруші ұйымда жан жақты тексеріс жүргізуі керек. Қарыз алушы адамның тұрақты жұмыс орны бар ма, уақытылы төлем жасауға жағдайы жете ме?» деген сұрақтар жан-жақты зерттелуі тиіс.

«Бізде қарызды кешіктіріп алса, банк қызметкерлерінің қоңырауына жауап бермей қашады. Бұл дұрыс емес. Заң бойынша адамдардың банкте берешегі пайда болса жазбаша арызбен банкке жүгініп, берешектің пайда болу себебін көрсету керек. Сондай-ақ қарыз алушылар сыйақы мөлшерін төмендету, долларлық кредит алса қазақстандық валютаға ауыстыру туралы сұрауға құқылы. Банк 14 күнде арызды қарайды. Ұсыныстан бас тартуы да мүмкін. Бірақ қарызды қайтаруды кешеуілдету туралы арыз бергеніңізді сот ескереді. Іс сот тәртібінде қаралса, материалдық жағдайды есепке ала отырып, қарыз сомасын төмендетуі мүмкін», – дейді тәуелсіз сарапшы, блогер Даулеттен.

Камила Абдельманова

Фото: Берік Ескенов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаудың 59 отбасы тұрғын үй сертификаттарын алды

  Көкшетау қаласында 59 отбасы азаматтарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттарын алды. Бұл маңызды бастама қаланың мұқтаж тұрғындарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img