spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-15.8 C
Kokshetau

Шортанды ауданында қарақшылар инкассаторларға шабуыл жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола полицейлері инкассаторларға жасалған қарақшылық шабуылдың бетін ашты. Қылмыс Шортанды ауданы Бозайғыр ауылында орын алды.

Ағымдағы жылғы 7 шілдесінде Шортанды ауданында төлемдерді қабылдауда тәулік бойы істейтін терминалдарға қызмет көрсететін екі инкассаторға қарақшылық шабуыл жасалды.
Сағат 12.00 шамасында Бозайғыр ауылында ақша қаражатын терминалдан алғаннан кейін инкассаторлар тұрған автокөліктің артқы жолаушылар орындығына медициналық маскадағы белгісіз ер адам кіріп, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, оларды ауылдың шетіне баруға мәжбүр етіп, 14 миллион теңгені иемденді.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 192-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қылмыстың ашылуын полиция департаментінің бастығы Д.Таев жеке бақылауға алды. Бір тәулік ішінде Шортанды аудандық полиция бөлімі мен облыстық полиция департаментінің жедел бөлімшелерінің арқасында Қосшы қаласының 27 және 24 жастағы тұрғындары анықталып, ұсталды. Ұсталғандардың бұрын осы инкассаторлық фирмада жұмыс істегені де белгілі болды.
Тергеу амалдары барысында күдіктілер ұрланған қаражатты қайда жасырғанын айтып берді, Тайтөбе кентінің аумағы «Нұра» өзенінің жағасынан табылды.

Қазіргі уақытта тергеу іс-шараларын жүргізу жалғасуда, басқа адамдардың да қатыстылығы пысықталуда.
Тергеу кезеңінде айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі.  АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: «Елімізді дамытудың, өзімізді –өзіміз дамытудың тарихи кезі қазір!» *...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img