spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Облыс әкімі ақмолалықтарды құрбан айт мерекесімен құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Әкімнің Құрбан Айтына құрметі. Бүгін барлық мұсылмандар әлемі үшін Құрбан айты басталды. Көкшетаудағы Науан хазірет атындағы орталық мешіттте құрбан айтының намазы оқылды. Намаздың алдында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев жамағатты Құрбан Айтымен құттықтады. Және де мешіттің сыртқы беттерін жөндеу үшін 25 миллион теңге қаржы бөлінетіндігін айтып, бірнеше Құран кітаптарын сыйға тартты.Жамағатпен бірге Құрбан Айтының намазын оқыды.

-Дініміз еліміздегі бірлік пен ынтымақты нығайтуға қызмет етіп келеді,-деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев өзінің құттықтау сөзінде. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайда халқымыздың береке-бірлігі бәрінен де қымбат екендігін және ұлттың жаңа болмысын қалыптастырдың маңыздылығын атап көрсетті. Құрбан Айты күні осы орталық мешіттің жөндеуіне 25 миллион теңге қаржы бөліп отырмын. Бұл мешіт іске қосылғалы 5 жыл болды. Содан бері ешқандай жөндеу жүрмеді, осы жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізу ісінен бизнес өкілдері де шет қалмауы керек.

Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбитов өз сөзінде облыс әкімі Ермек Маржықпаевқа жамағаттың атынан ризашылығын білдіріп, Алла разы болсын деді. Расында да облыс басшысының Құрбан айтының намазына келіп, жамағатты құттықтап, ізгі де елдік сөзін арнап, мешіттің жөнделуіне қаржы бөлуі сауапты іс еді. Халық әкімге шын риза болды. Ел үлкендері баталары берді.

Құрбан Айт барша халқымызға құтты болсын! Шалған құрбандықтарымыз бен ізгі амалдарымыз қабыл болуға жазсын! Ел аман, жұрт тыныш болсын!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img