spot_img
Жұма, Қыркүйек 20, 2024
17.2 C
Kokshetau

Өрттің алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

2022 жылдың басынан бері облыс аумағында 429 өрт оқиғасы тіркелді. Өрттің қауіпті факторларынан 17 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алған болса , газдан уланып 1 адам мерт болған.
Ең көп өрт тұрғын үй секторларында орын алған. Жалпы саны – 305 өрт. Көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5% – ға төменді (2021ж.-313).

Тұрғын үй секторында адамдардың қаза болуымен байланысты 17 оқиғаның 10-ы бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін немесе тұрмысы нашар отбасыларға тиесілі. Отты мас күйінде абайсыз пайдалану салдарынан болған жағдайлар да көп.

Өрттің орын алуына жиі себеп болатын тағы бір фактор – электр сымдары. Яғни, дұрыс орнатылмаған сымдарға шамадан тыс жүк түсіп, техникалық пайдалану ережелері бұзылған жағдайда өрт шығу қауіпі жоғары.

Мәселен, ағымдағы жылдың 5 мамырында Көкшетау қаласы мен Красный яр ауылында болған өрттің салдарынан 4 адамнан тұратын отбасының өмірі қиылды (ата-аналар-1991 ж.т., 1993 ж.т., ал, балалары- 2018 ж. т., 2018 ж. т.).

Табиғи факторларға байланысты жылда сәуір айынан бастап өрт қауіпі жоғарылайды. Айталық, биылғы жылы 6 сәуірден бастап 32 орманда, ауданы 50,8 га жерді қамтыған алуыт өрт оқиғалары тіркелген. Және 1 дала өрті орын алған. Орман өрттерінің саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38,4% – ға , ал шөптің тұтануы 3% – ға төмендеген.

Орман-дала өрттерінің алдын алу мақсатында 61 мобильдік топ құрылып, 1007 рейдтік іс-шара өткізілді. Рейд жүргізудің нәтижесінде ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз қалуы, жиналған қыстық шөпті қасақана тұтату сынды заң бұзушылықтар үшін 1 млн.937 мың 328 теңге сомасына 96 адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, жазғы кезеңде балаларды сауықтыру лагерьлеріне де ерекше көңіл бөлінеді. Департамент берген есепке сәйкес, 17 балаларды сауықтыру лагері бар. Олардың ішінде биылғы жылы 13-і қызметін жалғастырып жатқан болса, авариялық жағдайда болуына байланысты 4 лагерь жұмысын тоқтатқан. Осы 4 объект мемлекеттік өрт бақылауына алынды, оларда 25 бұзушылық анықталып, ескерту түрінде 4 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру жүргізу барысында қызметкерлермен өрт туындаған жағдайда жасалуы керек іс-қимылдарды үйрету бойынша 52 нұсқаулық жасалып, 13 оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді.
Сонымен қатар, департаменттің ұйымдастыруымен білім ордаларында «Балаларды қорғау – біздің негізгі борышымыз»,» Қауіпсіз балалық шақ», » Отсыз демалыс!», «Менің қауіпсіз демалысым», » Оттан сақ бол!», «Қауіпсіз көлік»,» Бірге қауіпсіздік үшін» атты тәрбие сағаттары мен «Өрт қауіпсіздігі және суда өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбында интерактивті сабақтар өткізілді.

«Біздің облыс азаматтарына өрттің алдын алудың маңызды шарты өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау және орындау екенің тағы да еске салғым келеді. Ең бастысы, балаларды ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз қалдырмаңыздар. Осы қарапайым талаптарды сақтау арқылы өзіңіздің де, жақындарыңыздың да өмірін қауіптен құтқара аласыздар»- деп халықты өрттен қорғануға шақырды, төтенше жағдайлар департаменті жетекшісінің орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі-Манарбек Шапағатов.

Камила Абдельманова

Фото автордікі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АЭС – болашаққа нық қадам !

Қазақстан Республисы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетаулық спортшылармен, ұстаздар қауымымен және халыққа қызмет...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img