spot_img
Сейсенбі, Мамыр 13, 2025
15.1 C
Kokshetau

Жануарларды аулау ізгілік жолмен жүзеге асырылуы тиіс –  ветеринария басқармасы

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Жануарларға жауапты қарау туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған заңның күшіне енуіне байланысты бұралқы жануарларды аулау жұмыстары тоқтатылды. Бұл қараусыз жануарлар санының өсуіне әкелді.

Ветеринария басқармасының ақпараты бойынша, 2021 жылы қараусыз жануарлардан зардап шеккендер үлесі үлесі 60% – ды құрады. 2022 жылдың бірінші жартысында ғана облыста 269 жағдай тіркелді. Олардың 260-ы медициналық мекемеге жүгінді. Жануарларды аулау ізгілік жолмен жүзеге асырылуы тиіс», – деп атап өтті облыстык ветеринария басқармасы жетекшісінің орынбасары Ибрагим Балтабай. Арнайы құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, ешқандай зиян келтірместен аулау жұмыстары жүргізіледі.

Соңғы 3 жыл ішінде Ақмола облысы бойынша ветеринария басқармасы жүргізген талдау нәтижесі көрсеткен мәліметтерге сүйенсек: жыл сайын орта есеппен 19600 бас ит пен 600 бас мысық ауланып, жойылды.

Қазіргі уақытта жануарларды уақытша ұстау пункті мен баспаналардың болмауына байланысты аулау жұмыстары уақытша тоқтатылды. Жергілікті жерлерде жұмысты ілгерілету үшін әкімдіктер заңнама шеңберінде қысқа мерзімде баспаналар мен жануарларды уақытша ұстау пункттерін салу үшін жер учаскелерін бөлу жөнінде шаралар қабылдауы қажет.


Айталық, облыс бойынша тек Аршалы ауданында иттер мен мысықтарды ұстауға арналған үй-жай бар. Алдағы уақытта ішкі қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. Ит-мысықтарды ұстауға арналған торлар мен басқа да қажетті құрылғылар ұамтамасыз етілген. Бұл жұмыспен жеке кәсіпкер айналысады және көршілес Целиноград ауданы да бұл үрдісті қолға алуға дайын екендерін жеткізді.
«Қараусыз қалған жануарларды аулап, оларды тексеріп, ауру-сырқау жерлері болса емдеп, қайта босатамыз. Ал қабаған немесе жынданған ит-мысықтар болса жоюға мәжбүрміз. Себебі, өздерінің көріп отырғандай зардап шеккендер саны әжептеуір көп»- деді облыстык ветеринария басқармасы жетекшісінің орынбасары Ибрагим Балтабай.

Камила Абдельманова

Фото автордікі

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу маусымының қорытындысы шығарылды: өрт саны азайды, алдын алу шаралары күшейтілді

Ақмола облысында 2024–2025 жылдардағы жылу беру маусымы өз мәресіне жетті. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, есепті кезеңде өрт саны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика