spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда елорда күніне орай «оркестрлер түні» өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Елорда күні ел тарихындағы ұлы жеңістердің бірі. Еңсесі биік бас қаламызға биыл 24 жыл толып отыр. Ақмолалықтар да атаулы мерекені ерекше тойлады. Көкшетау қаласының жағажайында ауқымды open air мен «Оркестрлер түні» өтті.

Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген бұл шараға жиналғандар қарасы көп болды. Тұңғыш рет жағалауда облыстың вокалды-аспаптық ансамбльдерінің шеруі өтті. Қопа көлінің салқын самалы астында Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының К.Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің сырлы сазын халық сүйсіне тыңдады. Мерекелік кеш аясында тұңғыш рет «Палитра Синегорья» жобасының авторы Елена Андроняк, жергілікті суретшілер Елена Омельченко мен Наталья Лосевалар сурет салу өнерінің қыр-сырласын айтып, өздерінің шығармашылықтарын халыққа паш етті. Сурет өнеріне қызығушыларға акварель, қағаз, мольберт және қыл қалам сынды қажетті құрал жабдықтар ұсыналды.


Сондай-ақ, қала тұрғындары жергілікті сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің: «Әлем халқының сүйек кесу өнері» атты ІІІ Халықаралық фестивалінің жүлдегері Бектас Кәрімұлы, ши тоқу өнерінің шебері Кенжебай Смағұл, құрақ-көрпе шебері Ұлжалғас Қарымсақова, киіз бастыру шебері Ұлбосын Ахмедова, сонымен қатар Зылыха Нығметова, Вера Фризен, Руслан Ахмедов, Виталий Глухов және Самат Кадралин, қағаз иірімдерінен жергілікті «креативті индустрия» бойынша шебер Елена Фомина сынды өнер адамдарының туындыларымен танысып, сүйсінген халық өзінің таңданысын жасыра алмады.

Көкшетау қаласының қонақтары мен тұрғындары желкенді регатаның қатысушылары, халықаралық желкенді регатаның бірнеше мәрте жүлдегері Борис Наенконың «Мечта» яхтасы және Ақмола облысының желкенді спорт ардагері Владимир Останковтың «Серая шейка» яхтасын тамашалады. Ал,от шоуын ұнатушылар үшін Тимур Қожахметовтың ұйымастыруымен «FIRE show» көрсетілімі ұсынылды.
Мерекелік шараға Зеренді, Бурабай, Бұланды, Сандықтау, Атбасар, Шортанды аудандары және Қосшы, Степногорск қалаларының шығармашылық ұжымдары ат атсалыспып, ән-шашуларын аямады.

Жалпы мерекелік жиын жоғарғы деңгейде өтті деуге толық негіз бар. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының жетекшісі – Айгүл Сәбитова қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Қадірлі Көкшетаулықтар, сүйікті елордамызың туған күніне орай Ақмола облысында бір апта ішінде көптеген іс-шаралар дайындалып, өткізілді. Солардың бірі бүгінгі Қопа көлінің жағалауында тұңғыш рет оркестрлер түні өтіп жатыр. Облысымыздың ең талантты, ең дарынды деген жастары өнер көрсетуде. Ақмола облысының мәдениет қызметкерлері осындай айтулы мерекеге барын салып дайындалды. Елорда күнімен құттықтаймын! Еліміз өсіп-өркендей берсін!»

Камила Абдельманова

Фото Берик Ескенов

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img