spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Сақтықта қорлық жоқ – Айнагүл Мусина

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының бас санитары Айнагүл Мусина әлемдегі эпид ахуалмен қоса маймыл шешек ауруы және жіті ішек инфекциялары бойынша эпидемиологиялық жағдай ушығып тұрғанын мәлімдеді. Дүниежүзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар күн санап өсуде. Айталық, өткен тәулікте covid-тің 326116 жаңа жағдайы тіркелді, өсім 0,1% – ды құрайды. Қазақстан Республикасы бойынша өткен тәулікте 187 жағдай тіркелді. Ал, Ақмола облысы бойынша тәж аурына байланысты жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. 2021 жылы covid-19 зертханасымен расталған 42434 жағдай тіркелген болса, 2022 жылыдың маусымында – 19, шілдеде – 12-ге жеткен.

Індеттің алдын алудың ең тиімді жолы вакцина мен ревакцинация екенің Айнагүл Мусина халықтың есіне тағы бір мәрте салды.

«Егу науқаны басталғаннан бері бірінші компонентті 361130 адам қабылдаған, бұл тиісті халықтың 75,4% – ын құрайды. Екінші компонентпен 348745 адам егілді, тиісті контингенттің жалпы саны 72,8% . 2021 жылдың соңынан бері 152344 адам ревакцинацияланды, бұл тиісті тұрғындардың 60,2%-ы, ҚР бойынша 66,6%.»-, деді бас санитар. Елімізде ревакцинация мен қайта ревакцинацияны егу бойынша Ақмола облысы бірінші орында.

COVID-19 әлемді сергелдеңге салғаны аздық еткендей, тағы маймыл шешегі мен жіті ішек инфекциясымен сырқаттанушылар күн санап көбеюде.
Айталық, маймыл шешегі, яғни-қызба, жалпы интоксикация және экзантеманың пайда болуымен сипатталатын сирек кездесетін жұқпалы ауру. Симптомдары: қызу көтерілу, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бастың айналуы. Бұл ауру түрін жабайы жануалар мен кеміргіш іспеттес ірі жәндіктер тасымалдайды. Сондай-ақ, ауру малдың етін жеу арқылы немесе науқас адаммен байланысқа түсу арқылы жұқтыруға да болады. Бүгінде Қазақстан Республикасында маймыл шешек ауруына күдікті бірде-бір жағдай тіркелген жоқ.

Ал, жіті ішек инфекциялары бойынша эпидемиологиялық жағдай аса мәз емес. Облыс бойынша алдыңғы аптамен салыстырғанда бүгінде бұл инфекциямен ауырғандардар саны 2 жағдайға өскен. Есіл ауданынді – 6 жағдай (75%) және Бурабай ауданында 2 жағдай (25%) тіркелді. Жас ерекшеліктеріне байланысты сырқаттанушылық 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 5 жағдай (62,5%), ересектер арасында – 3 жағдай (37,5%) анықталған.
Сондай-ақ, Республикада 2022 жылдың соңғы 6 айында топтық тамақтан уланудың 19 жағдайы тіркелді. Зардап шеккендер саны 254 адам, оның ішінде 113-і 14 жасқа толмаған балалар. Ақмола облысында 2 жағдай тіркеліп 12 адам уланған.

«Түрлі аурулардың алдын алу үшін алдымен, қолды сабынмен уақтылы және мұқият жуып отыру қажет. Сондай-ақ, қарапайым гигиена ережелерін ұстанып жүрген абзал. Тұтынып жүрген тағамдардың мерзімі мен құрамына мән берген жөн. Көкеністер мен жемістерді де мұқият таңдау қажет. Көше жануарларынан да аулақ жүруге тырысыңыз. Адам баласының басты байлығы-денсаулық. Осындай қарапайым істерді әдетке айналдыру арқылы ғана ауру-сырқаудан аман қала аламыз»-, деп аяқтады сөзін Айнагүл Мусина.

Камила Абдельманова

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img