Бұндай ойды театр сыншысы Ақмола облыстық драма театрының 45-маусымын қорытындылау брифингінде айтты. Биылғы жылдың күзінде аталмыш театр 45 жылдық мерейтойын атап өткелі жатыр. Жарты ғасырға жуық мерзімде театрдың жеткен жетістіктері де аз емес. Әлемдік сахнада отандық театр қойылымдары жоғарғы бағаға ие.
Осы жылдың күзіне дейін көптеген маңызды жобалар жоспарлануда. Солардың бірі-халықаралық «театр Көкше» фестивалінің республикалық лабороториясы. Оған тек Қазақстан ғана емес, жақын жет елдер де қатысуды жоспарлап отыр. Атап айтқанда: Армения, Ресей, Грузия, Қырғызстан.
Фестиваль апталығы 27 маусым күні алғашқы қойылымын көрермен назарына ұсынды. Шілденің 1іне дейін жалғастан фестиваль «Жібек қылқалам» қуыршақ ертегісі, «Полковник-құс» қайғылы абсурт, «Асемон» астарлы әңгіме, «Шағала. Иллюзия және жалғандық», «Лютый» батыс драмасы сынды мәдени мұралармен театр сүйер қауымның ықыласына бөлене алды.
«Бүгінгі таңда көрерменнің сұранысы қандай жанрдағы қойылымдарды қамтып отыр?» деген тілшіміздің сауалына спикерлер толымды жауап қайтара отырып, өзге өңірлермен салыстырғанда Көкшетаулық көрермендер әлде қайда салмақты-салиқалы қойылымдарды құп көретінін айтты.
«Гастрольдік сапармен еліміздің біраз өңірлеріне сапар шектік. Сонда байқағаным қазіргі заман адамдары жеңіл дүниеге әуес. Комедиялық қойылымдарға тек бой жазып, сергіп қайту үшін келеді. «Чичиков», «Шағала. Иллюзия және жалғандық» сынды көптеген мағынасы ауыр қойылымдарға көрермендер қорқынышпен қараайды. Осы орайда Ақмола тұрғындары керісінше өздерінің зейінділіктерін көрсете білді. Яғни үлгі-өнеге тұнып тұрған классикалық шығармаларға Көкшетау жұртынан сұраныс мол болды» – дейді театртанушы Сания Қабдиева.
Мәдениет майданындағы сүбелі істердің бірі-театр. Бүтін ел шаруасын, қоғам құрылысын социалдық негізде қайта жасауға қол қойған үстіміздегі дәуірде өнердің, өнер ішінде әдебиеттің, театрдың орны өзгеше. Сол себепті бұл саланы дамытуға арналған осындай бастамалардың саны көбейсе дейміз.
Камила Абдельманова
Фото : Рамиль Дусумов