spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Өңірде экологиялық жағдай тұрақты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша экология департаментінің басшысы Қадырхан Бейсенбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен өткен брифингте биылғы жылдың 2-ші тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

Брифингте департамент басшысы атап өткендей, өңірде 2021–2024 жылдар аралығында экологиялық мәселелерді шешуге арналған жобалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде Көкшетау қаласында қуаты 3,75 МВт, Ерейментау ауданында қуаты 30МВт, Аршалы ауданында қуаты 50МВт жел электр станцияларының құрылысы жобасы бар. Қазіргі кезде бұл жобалардың біразы басталып кетті. Оның сапалы орындалуы департаменттің тұрақты бақылауында.

Бұдан бөлек жыл басынан бері экологиялық реттеу бөлімі тарапынан 114 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Өңірде экологиялық жағдай жіті бақылауда. Нақтырақ айтар болсақ, шаруашылық жүргізуші субъектілерге экологиялық заңнаманы сақтау бойынша 6 тексеріс жүргізілді. Оның төртеуі алдын алу бойынша, ал, қалған екеуі жоспардан тыс тексеріс. Сондай-ақ, субъектіге бару арқылы 11 тексеріс жұмысы жүргізілді. Жүргізілген тексеріс қорытындысы бойынша 15 заң бұзушылық анықталып, 19 миллион 833 мың 971 теңге айыппұл салынды.

— Қазіргі күні өңірдегі экологиялық жағдай тұрақты. Тұрғындар тарапынан түскен кез келген арыз-шағымға жедел әрекет етіп, заң бұзушыларға жол бергендерді қатаң жазаға тартып отырмыз. Сонымен бірге, өңірдегі курорттық орындардың экологиялық тазалығына көңіл бөлінеді, — деді департамент басшысы Қадырхан Бейсенбаев.

Абылайхан ӘШІМХАН

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img