23 Маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қызметшілер Күні.
Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер болып табылады.
Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет.
Сайран Қасымжанова “Бақылау, әлеуметтік қорғау жане көші-қон комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінде” 15 жылдан астам уақыт жұмыс істейді.
Бұл қызметті оңай деп айтуға болмайды, себебі Сайран Мерекеқызы зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы.
Ол Ақмола облысының халқына Республикалық бюджет есебінен зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыларды төлейді. Яғни, азамттарды зейнеткерлікке шығарады, мүгедектігіне байланысты жәрдемақы, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін жардемақы, бала туғанда төленетін жардемақы, баланың 1 жасқа толуына дейін төленетін жәрдемақы, көп балалы отбасыларына төленетін жәрдемақы, “Алтын алқа” және “Күміс алқа” медальдарымен марапатталған аналарға жәрдемақыларды тағайындайды.
Азаматтар зейнетақыға шыққанда Сайранның бөліміне жұмысына кеңес алуға келеді. Бөлім басшысы азаматтардың құжаттарын карап, өз құзіреті шегінде кеңес береді.
Сайран Қасымжанованы талапты адам десек қателеспейміз Себебі ол қойылған мақсаттарына әрдайым жетіп, өз еңбегін сыйлап, әрқашан биік жетістіктерге жетуге ұмтылады.
«Мемлкеттік қызмет -жауапкершілігі өте көп сала. Мен мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүргенімді мақтан тұтамын. Өз салам өте ұнайды. Бұл жерде халықпен тығыз жұмыс жасаймыз, оларға барлық пайдалы ақпаратты беріп, тиісті жәрдемақыларды тағайындауға көмектесеміз. Барлық әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтаймын, жемісті еңбек тілеймін «, – деп айтты Сайран Қасымжанова.