spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Дарынды адам барлық жағынан өнерлі

Сондай-ақ...оқыңыз

Нәзік жанды демесең, бойындағы қарқынына, күш-қуатына тамсанасын. Полиция қатарындағы қызметімен бірге, өнер жолында жүрген, отбасының ұйытқысы, майор шенді ханым жайлы сөз қозғамақ болдым.
Қарлығаштай нәзік, бұлбұлдай даусы бар, іскерлігі мен өнері астасқан дарын иесі Қарлығаш Ташимова Ақмола облысы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасында инспектор болып қызмет атқарады.

Балалық шақтан ән айтуды ұнатқан бүлдіршін ән әуенін ести салысымен әндете бастайтын. Бойында ән айту дарыны нағашыларынан берілген. Алғашқы сахнасы мектептен басталған еді. Өсе келе ән айту кәсіби шеберлігіне айнала бастайды, алайда мектепті бітіргеннен кейін мәдени салаға кетпей, полицей жолын тандайды. Бұл ата-анасы мен туған-туыстары үшін күтпеген қадамы еді.
Полиция қатарындағы қызметін 2005 жылы Б.Момышұлы атындағы ІІМ Шымкент заң колледжінен бастаған еді. Талабы таудай, арманы асқақ жас полицей одан кейін Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясын тәмамдайды. Алғашқы еңбек жолын Павлодар облысы, Баянауыл ауданында бастайды. Алайда кейіпкеріміз ән айтуын тастамай, осы өзінің қабілетін одан әрі жетілдіріп, жалғастырады. «Өнер қуып ой түзе, жұмыс қылып бой түзе» ұстамымен майор қыз қызметімен бірге, өнерінде бір тізгенде ұстап келеді. Онымен бірге жас офицер 2008 жылы өмірлік серігімен қол ұстасып, үлкен отбасылық жолға аттанады. «Мен бүгінгі барлық жетістіктеріме, жұбайымның қолдауымен ғана қол жеткізіп отырмын» – деп жимыйды Қарлығаш.

Жұбайы – Азаматпен Екібастұз қалалық полиция басқармасында танысқан болатын, Азамат Кабиев өзіндей полиция қызметкері. Көп кешекпей жас-жұбайлар ата-ана атанады. Қазан-ошақ басы бар, кішкентай бөпесі, оқуының жалғасы, қызметі, онымен бірге сүйікті әншілік өнері. Қарлығаштың ендігі міндеттері артқанымен, жақсы көретін ісін жалғастыра береді. 2008 жылы ІІМ қызметкерлері арасында өткен байқауға қатысып, 3-жүлделі орынды иеленеді. 2011 жылы ІІМ көркемөнерпаздарының республикаслық «Жан жүрегім – Қазақстан» атты патриоттық әндер конкурсының 2-орын иегері. Сондай-ақ 2014 жылы Мәскеу қаласында өткен «Еуразия телеарнасының «Лучший город KZ» 1-маусымының қатысушысы. Ішкі істер органдарының қай құрылымда болмасын қызмет атқарса да ән айтуын жалғастыруда. Полиция бөліністерінің вокалдық топтарының мүшесі. ІІМ «Парасатты полицей» республикалық байқауының қатысушысы. Қазақстан Республикасы ІІМ және облыстық ПД басшылығының марапаттарымен бірқатар марапатталған.


Адам дүниеге келген соң, артына із қалдыру – адамзаттық парыз. Халқына қызмет атқару мен өнер тізгінін ұстап келе жатқан Қарлығаш өмірде өз орнын тапқан жан. Азаматымен бірге ұл мен қыз тәрбиелеп отыр. Болашақта балалары қандай мамандықты таңдайтын болса, қолаймыз деп бекінген. Адам баласы сүйікті ісімен айналысатын болса, сонда ғана ол бақытты екендігін сезінеді.
Қызметін адал орындап, өнерімен танылып, отбасы шамын жағып, аналық бақытқа бөленген Қарлығашымыз одан әрі самғай бер.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img