Референдумды қолдау бойынша құрылған ең белсенді деген облыстық штаб мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, партия төрағасы Ерлан Қошановтың және партияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың атынан Алғыс хаттармен марапатталды.
Олардың қатарында депутаттар, қоғамдық пікір көшбасшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және партияның жақтастары бар.
«АMANAT» партиясы Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған реформаларды жүзеге асыруға әрдайым дайын екендігін референдумды өткізу барысында дәлелдеді. Яғни, Ақмола облыстық филиалы жанынан референдумды қолдау бойынша құрылған 20 штабтың құрамына енген 400-ден астам партиялас халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізді. Міне, еңбектері еленіп отыр.
Жаңа Қазақстанды құру жолындағы жауапты сәттер әлі алда. Сондықтан аманаттықтар ел дамуы жолындағы жаңа белестерді бағындыруға дайын.