spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

«Халықтың референдумды қолдауы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының игі жемісі деп білемін».

Сондай-ақ...оқыңыз

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы, референдумды қолдау жөніндегі өңірлік партия штабының мүшесі Айна Мысырәлімова кеше ел Конституциясына түзетулерді енгізу бойынша өткен дауыс беру туралы өз пікірімен бөлісті.

«Ата Заңға өзгерістер енгізу бойынша өткен референдум меніңше сәтті аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған алдын ала мәліметтерге сүйенсек, дауыс берушілердің 77,18% референдумды қолдап, «иә» деп жауап берген. Бір қуантарлығы, біздің аймақ реформаға дауыс берген азаматтардың саны бойынша бірінші орында – 81.98%. Яғни,  ақмолалық тұрғындар референдумның мәнін түсініп, нақты қандай өзгерістер орын алатынынан хабардар болып отыр. Ал, бұл халық арасында жүргізілген ақпараттық-түсіндіру жұмысының жемісі деп білемін. Осы ретте «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалы жанынан референдумды қолдау бойынша құрылған облыстық және аудандық штаб мүшелерінің табысты жұмысын атап өткім келеді.

«AMANAT» партиясының бекітілген желілік кестесі бойынша Ақмола облысында 102 014 мың адамды қамтыған 2498 іс-шара ұйымдастырылды. Одан бөлек партияның аймақтық және аумақтық филиалдары, партия штабы қосымша 60 583  адамды қамтыған 1302 іс-шара өткізді. Бұл ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен облыстағы әрбір үшінші сайлаушының тартылғандығын білдіреді.

Штаб құрамына барлық деңгейдегі мәслихаттардың 200 депутатты түгел тартылды, олардың ішінде 20 мәслихат хатшысы да бар. Ал жалпы қоғамдық кеңестер мен түрлі салада қызмет атқаратын, қоғамдық пікір көшбасшылары боп саналатын партияластарды қоса алғанда штаб мүшелері 463 адамды құрады.

Өз басым өңірдің спортшыларымен, медицина, білім беру саласының қызметкерлерімен және статистика, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық, қазынашылық жүйесінің мамандарымен, тіпті, ауылды елді-мекендердің тұрғындарымен кездесіп, референдум бойынша пікір алмастым.

Жалпы, халық Мемлекет басшысының реформаларын қолдап отыр. Сондықтан, референдумнен күтері мол екенін байқадым. Осы ретте Конституцияға түзетулерді қабылдау – бұл жүйелі саяси өзгерістердің бастамасы ғана екенін түсіндіруге тырысып бақтым. Яғни, алда үлкен жұмыстар жүргізіледі. Бірден өзгеріс орын алады деп түсіну дұрыс емес.  Алдағы уақытта Парламент бірқатар жаңа заңдар қабылдап, қолданылып жүрген заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін болады. Бұл жұмыстар жылдың соңына дейін жүргізілуі мүмкін. Референдум – уақыт талабы, осы саяси науқанды өткізіп қана біз жаңа қоғамның құрылысына өтетін боламыз, дамудың жаңа белесіне шығамыз».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img