Бүгін, 5 маусым, Ерейментау қаласының тұрғындары таң азаннан сайлау учаскелеріне қарай ағылуда. Біздер де алғашқылардың бірі болып №1 жалпы білім беретін орта мектепте орналасқан 416 сайлау учаскесіне барып, жағдайды көзбе көрдік.
Осы жерде Ерейментау ауданының әкімі Абай Әлжанов пен аудандық мәслихат хатшысы Медеу Әбжіков ертелетіп келіп, көппен бірге даус берді.
Біздер осы жерде аудан әкімі Абай Еламанұлының жалпы референдум жайлы пікірін білмекке, сөзге тартып едік.
-Бұл мемлекетімізде болып жатқан және болатын үлкен өзгерістердің бастамасы деп білем. Себебі, осы референдумда халықтың талап-тілегін ескеретін көптеген оңтайлы бастамалар ұсынылып отырғанын білесіздер. Біздер бұл референдумды Қазақстан Республикасындағы тарихи күн деп есептесек те болады, – деді Абай Елааманұлы.
Сайлау Байбосын, Ерейментау ауданы