spot_img
Сенбі, Сәуір 19, 2025
7.2 C
Kokshetau

Ел аумағында 8 мыңнан астам учаскеде дауыс беру аяқталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Астана уақытымен сағат 20.00-де еліміздің аумағында ашылған 8 мыңнан астам референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дәл қазіргі уақытта еліміздің 12 өңіріндегі 8 089 референдум учаскесі жұмысын аяқтап, аумақтық референдум комиссиясының мүшелері дауыс санауға кірісті. Сонымен қатар 10 шет мемлекеттегі Қазақстан елшіліктері жанынан ашылған 17 учаскеде дауыс беру аяқталып отыр. Сағат айырмашылығына байланысты еліміздің 5 өңірінде, атап айтқанда Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы 1 858 учаскеде дауыс беру астана уақытымен сағат 21.00-де аяқталады. Ал шетелдегі 48 учаскеде сағат айырмашылығына байланысты дауыс беру әлі жүріп жатыр. Жалпы республика бойынша 10 012 референдум учаскесі құрылған. Оның ішінде 52 шет мемлекеттегі 65 учаске бар. Айта кетейік, астана уақытымен сағат 18.00-дегі деректерге сәйкес, республика бойынша 7 624 641 азамат бюллетень алды. Бұл – тізімге енген азаматтардың 65,04 пайызы.

https://www.inform.kz/kz/el-aumagynda-8-mynnan-astam-uchaskede-dauys-beru-ayaktaldy_a3941053

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика